"Савченконы босатыңдар!" (видео)

Dalanews 07 мар. 2016 10:40 823

Киевтегі Тәуелсіздік алаңына жексенбі күні ресейлік биліктен Надежда Савченко мен өзге де украин саяси тұтқындарын босатуды талап етіп мыңнан астам адам жиналды.

Шара саясаткерлердің қатысуынсыз өтсе де, Майданға «Батьковщина» жетекшісі Юлия Тимошенко мен Радикалды партия басшысы Олег Ляшко,сонымен бірге Жоғарғы Рада депутаттары келді.

Бұған дейін жүздеген адам Киевтегі Ресей елшілігін жұмыртқамен атқылады. Олар «Надеждаға бостандық!» - деп ұрандаған. Шараға қатысқандар Мәскеумен дипломатиялық байланыстарды үзуді де талап етті.

Мұндай шаралар Одессада, Запорожье және Харьковта да өтті.

Свобода радиосының тілшісі Петербург қаласында да Савченконы жақтаған пикет ұйымдастырылғанын хабарлайды. Невский даңғылына 30-дан астам белсенді шыққан. Олар 3 наурызда Ростов облысы Донецк сотында соңғы сөзін айту мүмкіндігінен айырылған Савченконың сөздері жазылған үнпарақтарды таратты.

Савченко өзіне тағылған екі ресейлік журналисті өлтірді деген айыпты мойындамайды және құрғақ аштық жариялады.

https://www.youtube.com/watch?v=om2RYHOiZ74

Рекомендовать
Последние новости