«Саудамен ұзаққа бармаймыз!». Сағынтаев Алматыда экономиканың жаңа бағыттарын дамытпақшы

Dalanews 26 мая 2021 18:15 1096

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфирінде мегаполис экономикасының жаңа басым бағыттарын дамыту туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала экономикасында өнеркәсіптің, құрылыстың, әлеуметтік экономика мен жаңа индустрияның үлесі мардымсыз. Қала экономикасының 33%-ын құрайтын сауда сол күйінде қалуда, ал бұл қаланың жедел қарқынмен дамуына мүмкіндік бермейді.

– Сондықтан біз қала экономикасын құрылымдық реформалауға бет алдық. Жаңа экономика секторлары басты назарда. Сауда үлесін біртіндеп азайтып, жоғары біліктілікті қажет ететін өндірістік салалардың дамуын күшейту қажет, олар – кәсіби және ғылыми-техникалық қызметтер, қаржы және сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сондай-ақ креативті экономика салалары, – деді Б. Сағынтаев.


Сондай-ақ, жаңа Жібек жолының транзиттік дәлізіндегі қолайлы географиялық жағдайды пайдаланып, ірі аймақтық көлік-логистикалық хаб ретінде халықаралық жеткізу және тарату тізбектеріне ену қажет.

Алматы Қазақстандағы ең ірі тұтынушы нарығы және елдегі көтерме және бөлшек сауданың ең көп үлесін алатындықтан, логистикалық әлеуетті дамытуға да баса назар аударылатын болады.

Халықаралық әуежайды кеңейтудің қала үшін маңызы зор. Жақын арада халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысын бастау жоспарлануда. Терминалды іске қосқан кезде жолаушылар ағынын жылына 6 млн адамға көбейту жоспарлануда, ал өткізу қабілеті 2,5 есеге артатын болады.



Рекомендовать
Последние новости