Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының Макроэкономикалық болжау және зерттеулер бөлімінің бастығы Марина Гричик Қазақстанда инфляция 2026 жылдың қыс мезгілінен кейін баяулайды деп болжайды. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сарапшы Қазақстандағы ақша-кредит саясаты қатаң күйінде сақталатынын және орта мерзімді перспективада инфляцияны нысаналы мәндерге (5%) келтіруге бағытталатынын айтады.
"Осыған байланысты біз базалық мөлшерлеме жыл соңына дейін өзгеріссіз қалады деп болжаймыз. Валюта бағамына келетін болсақ, біз қазіргі баға жыл соңына дейін сақталады деп есептейміз, ал 2026-2027 жылдар шамалы әлсірейді", - деді Марина Гричик.
Қазақстан экономикасы 2025 жылдың I-тоқсанында ЖІӨ-нің 5,6%-ға артуы тұрғында нақты өсімді көрсетті, дегенмен тоқсан сайынғы өсім 0,6%-ға дейін баяулады. Өсімнің негізгі драйверлері транспорт, қойма, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, сондай-ақ құрылыс саласы болды. Бұл ретте инфляциялық қысым өсе түсіп, мамыр айында 11,3%-ға дейін екпін алды. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені наурыз айынан бастап 16,5% деңгейінде өзгеріссіз қалдыруда.
Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының болжамы бойынша, 2025 жылы Қазақстанның ЖІӨ-нің нақты өсімі 5%-ды құрайды деп күтіледі, кейіннен 2026-2027 жылдары 4,5% және 4,3% -ға дейін баяулауы мүмкін.
"Инфляция нысаналы көрсеткіштен жоғары болып қала береді, ал теңге бағамы 2027 жылға қарай Ұлттық қордан алынатын трансферттердің қысқаруы ықтималдығы, сондай-ақ сауда әріптестерімен салыстырғанда анағұрлым жоғары инфляцияның сақталуы аясында 1 АҚШ долларының құны 560 теңге болуы мүмкін", - дейді сарапшы.
Бұған дейін Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас маманы Сергей Улатов АҚШ тарифінің Қазақстан экономикасына әсеріне қатынасты пікір білдірген.