Сағынтаев Путинмен кездесіп, не туралы есеп берген?

Көркем Алдабергенова 20 мар. 2024 09:27 3021

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинмен кездесті. Ресми мәліметтер бойынша, кездесуде Сағынтаев жақын арада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері ұлттық валютадағы есептеулерге толығымен ауыса алады деген үміт білдірген, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бақытжан Сағынтаев 2021 жылға дейін мұндай есептеулердің үлесі 70 пайыздан асқанын, 2022 жылы 80 пайызға дейін өскенін, ал биыл 90 пайызға жеткенін атап өткен. Сағынтаев мұндай даму қарқыны кезінде жақын арада ЕАЭО елдері арасындағы ұлттық валюталарда есеп айырысуға толық көшуге қол жеткізілетініне сенім білдірген.

Сонымен қатар, ол ЕАЭО экономикалық көрсеткіштеріндегі оң динамиканы туралы айтқан. Атап айтқанда, 2023 жылы ЕАЭО-дағы бөлшек сауда айналымы 6,6 пайызға өскен, негізгі капиталға инвестициялар 10 пайызға, өнеркәсіптік өндіріс 4 пайызға, ал құрылыс жұмыстарын орындау 8 пайыз өскен.

Одан бөлек, кездесуде Сағынтаев Путинді президент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтаған.

 


Рекомендовать
Последние новости