Республикада Түркістан облысы табиғи өсім бойынша алда келеді

Dalanews 26 июл. 2018 08:35 960

Ағымдағы жылдың 1 маусымдағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны – 1 955 219 адамды құрап отыр.

Оның ішінде қалалық жерде – 380 929 адам (19,5%), ауылдық жерде – 1 574 290 адам (80,5%). Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, Түркістан облысы республикада туу мен табиғи өсім бойынша 1 орында, ал халық санынан екінші орынды иемденген.

Бұдан бөлек, 2018 жылғы қаңтар-мамырда көші-қонмен облысқа келген халықтың саны – 38 689 адамды құрап, облыстан кеткендердің саны – 77 524 адамға жеткен. Оның ішінде 8 605 адам – Қазақстанның басқа облыстарына, 60 адам – ынтымақтастық елдеріне, 6 адам – алыс шет елдеріне кеткендер.

Облыстық Статистика департаментінің мәлімдеуінше, көші-қон ағыны бойынша абсолюттік ауытқу айырымы: облыс-аралық көші-қон – 38 835 адам (теріс), ТМД елдері бойынша – 228 адам (оң) болды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости