Ресейде коронавирустың жаңа түрі өршіді

Қаракөз Амантай 22 мая 2024 12:16 2618

Ресейде коронавирустың FLiRT атты жаңа түрі анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

РИА Новости ақпаратына сәйкес, бұл - аса қауіпті емес.

"Жүргізілген мониторинг тіпті, жалғыз жаңа генонұсқаларды айқындауға мүмкіндік береді. Мониторинг жүргізілген кезең ішінде FLiRT жаңа нұсқасының 178 жағдайы анықталды", - деп атап өтті елдің тұтынушылар құқығын қорғау комитеті.

Осы тұста ескере кететін жайт, омикрон - Ресейде ғана емес, бүкіл әлемде ең көп таралған коронавирус түрі.

Ал мамандар омикрон мен FLiRT штамының белгілері ұқсас екенін алға тартады. Белгілеріне қызба, жөтел, тамақтың ауруы, әлсіздік, бас ауруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, иіс және дәм сезудің жоғалуы жатады.

Өткен мерекелерден кейін Ресейде COVID-19-дың бұрын болжанған өсімі тіркелді. Себебі бұл күндері адамдар бір-бірімен көбірек байланысқа түскен.

Мамандар профилактикалық шараларды назардан тыс қалдырмауға шақырады. Мәселен, қолды жиі жуу, үй-жайларды желдету, жұмыс үстелі мен гаджеттерді дезинфекциялау, ауру белгілері бар адамдармен байланысқа түспеу.


Рекомендовать
Последние новости