“Құтылдық”. Перуашев партиядан қуылған Садықовқа қатысты пікір білдірді

Қаракөз Амантай 03 окт. 2024 15:58 4577

“Ақ жол” партиясының төрағасы Азат Перуашев экс-депутат Асқар Садықовты партиядан неге шығарғанын түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Біз, саяси партия ретінде тәртіп мәселелеріне назар аудардық. Ұйымның еті тірі” болып, жұмыс істеп тұруы керек. Онда тәртіп болуға тиіс”, — деп жауап берді Азат Перуашев Orda.kz агенттігіне.

Перуашев партия кез келген қылмыстық істің болуын күтпей, Садықовтың іс-әрекеттері туралы ақпарат алған сәтте, одан дереу “құтылғанын” айтты. 

“Ол депутат ретінде білгенімді істеуге құқым бар деп ойлады. Жақсы, біз оны босатып жібердік. Енді өзі үшін жұмыс істесін және дұрыс деп есептегенін жасасын”, — деді партия төрағасы.

Еске салайық, Азат Перуашев депутат Асқар Садықовтың партиядан шығарылуына қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

"Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын.

Мәселен, парламентте (партияда емес) жұмыс істейтін бір әйел адам Асқар Садықовтың бірнеше рет ұятсыз ұсыныстар жасап, қысым көрсеткені туралы айтып, арызданды. Ол өзінің сөзіне дәлел ретінде уатсабына Асқар Садықовтан келген хабарламалардың скринін көрсетті (этикалық себептерге байланысты оның бопсалауына тап болған әйелдің есімі жасырылған)", - дейді Перуашев.

Арызданушы 17 сәуірде өзіне жазылған мұндай қорлау ұсыныстарға жауап бермей, елемеген екен.

"Алайда 15 мамырда ұсыныстар тағы қайталанған және әйел адамның айтуынша, Асқар Садықов жүйелі түрде басқа күндерде де жыныстық бопсалауды жалғастырған. Бірақ Садықовтың депутаттық қол сұғылмаушылыққа ие екендігіне байланысты, харассментке тап болған жәбірленуші құқық қорғау орнына жүгіне алмаған.


Рекомендовать
Последние новости