Қырғызстанның ҰҚМК қазақстандық кәсіпкер Зарипов ұсталуына байланысты пікір білдірді

Сағыныш Сардарова 17 сент. 2025 12:58

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті белгілі қазақстандық кәсіпкер Алмаз Зарипов ұсталуына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz Sputnik_Kyrgyzstan-ға сілтеп.

Басылым мәліметінше, ол қырғыз азаматына тиесілі 2,5 млн АҚШ долларын иемденді деген күдікке ілінген.

БАҚ деректерінше, Зарипов – Kazbrend азық-түлік холдингінің иесі және Қазақстанның Аграрлық-өнеркәсіптік одағының төрағасы.

"Айыпталушы кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеуге кірісті. Осыған байланысты оған қатысты бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралып жатыр", – деп жазылған мәліметте.

 


Рекомендовать
Последние новости