2025 жылғы 21 маусымда Алматы облысы, Кеген ауданының көрікті Қарқара жайлауында өткен «Қымызмұрындық-2025» мәдени шарасы мен «Жолан жүйрігі» республикалық ат бәйгесі ел жадында рухани бай мереке ретінде сақталады. Осылайша ата дәстүр мен ұлттық спортты жаңғыртқан ауқымды іс-шараға 10 мыңнан астам көрермен жиналды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Ат бәйгесіне еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғыз Республикасынан келген 150-ге жуық жүйрік қатысып, құнан бәйге (9 км), топ бәйге (18 км) және аламан бәйге (31 км) бойынша бақ сынады. Жүлде қоры – екі Changan кроссовері және миллиондаған теңге ақшалай сыйлықтар.
Аламан бәйге (31 км) жеңімпаздары:
-
🥇 Айбалта – Мейір Дәулетбай (Қордай) | Changan көлігі
-
🥈 Қарагер – Манас Замирбеков (Қырғызстан) | 2,5 млн ₸
-
🥉 Отырар – Арыстанбек Аңсар (Балқаш) | 1 млн ₸
-
4-орын: Жетісу – Х. Марланұлы | 500 000 ₸
-
5-орын: Ақпан – С. Бақтыбай | 300 000 ₸
Топ бәйге (18 км) жеңімпаздары:
-
🥇 Қалқаман – Амангелді Нұрислам (Талғар) | Changan көлігі
-
🥈 Мамайқара – М. Ғарипуллин | 1 млн ₸
-
🥉 Мерседес – Р. Тілеубай | 700 000 ₸
-
4-орын: Көкжал – А. Саматұлы | 500 000 ₸
-
5-орын: Аль-Наср – Е. Жарқын | 300 000 ₸
Құнан бәйге (9 км) жеңімпаздары:
-
🥇 Роки – А. Болотбеков (Қырғызстан) | 2 млн ₸
-
🥈 Айбатыр – А. Сейтботқалов | 1 млн ₸
-
🥉 Бойтұмар – А. Әміртай | 500 000 ₸
-
4-орын: Көкбалақ – С. Иринат | 300 000 ₸
-
5-орын: Қайтпас қара – Н. Ахметжан | 200 000 ₸
Ат жарысымен қатар ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, ел мерейін үстем етті:
«Толағай» сайысы:
-
🥇 Азамат Макулбеков (Арыс) | 1 000 000 ₸
-
🥈 Еркін Инкин (Іле) | 600 000 ₸
-
🥉 Жанат Маутан (Астана) | 400 000 ₸
Қазақ күресі:
-
🥇 Б. Әнуарұлы (Кеген) | 300 000 ₸
-
🥈 А. Байғазы | 200 000 ₸
-
🥉 Ж. Жұмабай | 100 000 ₸
Қошқар көтеру:
Айдын Нұғыманов – 120 келі қошқарды 30 рет көтеріп, көпшілікті тәнті етті.
Арқан тарту:
-
🥇 Қазақ күресі командасы | 50 000 ₸
-
🥈 Тұйық командасы | 30 000 ₸
-
🥉 Сүмбе командасы | 20 000 ₸
Барлық жүлдегерлерге диплом, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Еске салайық, мерекеге Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанаи бастаған делегация, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжанов, Қырғызстаннан қонақтар және елге белгілі тұлғалар қатысты. Шарада 1 тонна қымыз тегін таратылып, қымыз дайындау технологиясы көрсетілді. Этноауыл атмосферасын театрландырылған көрініс, ұлттық киіз үйлер, қолөнер көрмелері толықтырды.
Сахнада ҚР және Қырғызстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Нұрболат Абдуллин, Бейбіт Қорған, «Сүйінбай сазы», «Топжарған» секілді өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.
ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енген «Қымызмұрындық» – ұрпақ тәрбиесі мен рухани жаңғырудың айнасы. Бұл мереке жастарға салт-дәстүрді үйретіп, ұлттық болмысымыздың негізін қайта жаңғыртты.