"ҚазМұнайГаз" бен SOCAR мұнай тасымалдауды дамыту мәселесін талқылады

Жарбол Кентұлы 09 мар. 2024 17:19 8203

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Баку қаласына сапары барысында Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

Тараптар Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы тасымалданатын Қазақстан мұнайының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтуды және Қазақстан мұнайын Баку-Супса құбыры арқылы тасымалдау мәселелерін талқылады.

— SOCAR компаниясы ҚазМұнайГаздың маңызды стратегиялық серіктесі. Қазақстан мұнайы транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту арқылы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына жаңа серпін берілетініне сенімдімін, — деді М.Мырзағалиев.

Айта кетсек, «ҚазМұнайГаз» және SOCAR арасында 1,5 млн тонна Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдауға қатысты қол қойылған келісім аясында Қазақстан мұнайы былтырдан бері Ақтау – Баку – Джейхан бағыты бойынша тұрақты тасымалданып келеді.

Ақтау портынан 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 057 мың тонна, ал 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында 232 мың тонна мұнай жөнелтілді.


Рекомендовать
Последние новости