Қазкоммерцбанкке қатысты іс: көліктер мен жерлер тәркіленді

Сағыныш Сардарова 12 февр. 2024 13:23 1888

Ақша ұрлау дерегі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-ға қатысты қылмыстық іс шеңберінде қыруар сома тәркіленді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Соттың санкциясымен күдіктілерден жалпы сомасы 44,5 млрд теңге болатын, ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөліктер қамауға алынды.

Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеу жарияланған адамдарға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген.

"Сот шешімімен мүлік Алматы қаласы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір бұл активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленетін өзге де мүліктер іздестіріліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости