Қазақстандықтар некеге тұрмас бұрын арнайы оқудан өтуі мүмкін

Қаракөз Амантай 19 февр. 2024 15:21 2045

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасына қаралып жатқан түзетулер туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазір Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы қаралып жатыр.

"Мұнда арнайы тармақшалары бар. Жастар үйленбес бұрын кем дегенде бір ай оқуы керек", - деді Қайрат Қамбаров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, ұсынылған түзетулерге сәйкес, некеге тұруды қалайтын қазақстандықтармен тәлімгерлер мен психологтар жұмыс істейтін болады.

"Бұл заң әлі де қаралуда, әлі бекітілген жоқ", - деп атап өтті Қамбаров.


Рекомендовать
Последние новости