Қазақстандықтар күзде неше күн демалады?

Қаракөз Амантай 11 авг. 2025 09:40

2025 жылдың күзінде қазақстандықтар қосымша екі күн демалады. Бұл мемлекеттік мерекелерге байланысты белгіленген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Биыл 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні сенбіге түсіп отыр. Осыған байланысты бұл күннің демалысы 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады. Яғни, бес күндік жұмыс кестесімен еңбек ететін қазақстандықтар үшін 1 қыркүйек ресми демалыс болады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Конституциясы 1995 жылдың 30 тамызында жалпы халықтық референдум арқылы қабылданған болатын. 2022 жылы Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізіліп, оған да халық референдум арқылы қолдау білдірген еді.

Қазан айында үш күн қатарынан демалыс болады

Сонымен қатар биыл 25 қазан Республика күні сенбіге тура келеді. Сондықтан бұл күннің демалысы 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн 25, 26 және 27 қазан күндері демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін 27 қазан – жұмыс күні болып қала береді.

Айта кетейік, 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік егемендік туралы декларацияны қабылдады. Бұл күн 1995 жылдан бастап ұлттық мереке ретінде аталып өтті. Алайда 2009 жылдан кейін ресми мереке мәртебесінен айырылған еді. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.

Қарашада қосымша демалыс болмайды.


Рекомендовать
Последние новости