Қазақстанда халыққа сатылған алтын құймалардың көлемі күрт төмендеді. Неге?

Кәмшат Тілеухан 01 авг. 2025 15:26

ҚР Ұлттық Банкі 2025 жылдың ІI тоқсан қорытындысы бойынша екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген ақша айырбастау орындарында жалпы салмағы 79,3 келі болатын 4 008 өлшемелі алтын құймасын сатты. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 2,2 есе аз көлем, деп хабарлайды Dalanews.kz ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың II тоқсанда өлшемелі құймалар көп сатылған өңірлер:

  • Алматы (4 084 дана, 74%),
  • Жамбыл облысы (300 дана, 5%),
  • Шымкент (200 дана, 4%).

"Халық арасында сұранысқа ие құйманың салмағы - 10 грамм.  Оның жалпы сату көлеміндегі үлесі 26% немесе 61 209 дананы құрайды. Одан кейінгісі 5 грамдық құйма – 53 142 дана (22%), 100 грамдық құймадан  48 634 дана (20%), 20 грамдықтан 44 209 дана (19%) және 50 грамдық құймадан 30 578 дана (13%) сатылған", делінген реттеуші орган хабарламасында.

Айта кетсек, 2024 жылдың II тоқсанында 779,2 келі болатын 14 752 алтын құймасы сатылған. 

"Халыққа алтын құймаларының таза сатылымының жылдық динамикасын бағалау үшін 2024 жылдың II тоқсандағы мәннен қазіргісін алып тастау керек: 779,3 - 62,3 (кері сатып алу, мән есептік жолмен анықталған). Тиісінше, нәтиже 716,9 келіні құрайды және өткен жылдың болжамды деңгейі болады. Онымен салыстырғанда төмендеу тоғыз есе болып тіркеледі. Бір қызығы, таза сатылым көлемінің құлдырауы қатарынан екі жылда орын алады. Мәселен, бір тоқсан бұрын көрсеткіш бұл кқрсеткіш 615,7 келіден (есептік мән) 176 келіге дейін бір-ақ төмендеді, яғни 3,5 есе. Бұған, негізінен, Ұлттық Банктің I-тоқсанда "өндірістік-логистикалық циклдің ерекшеліктеріне" байланысты өлшемелі құймаларды уақытша доғаруы себеп секілді. Реттеуші орган бұл реттегі ЕДБ және банктік емес айырбас орындары өтінімдерін орындауға 2025 жылдың ІІ-тоқсанының соңында оралды", деп жазады Data Hub сарапшылары.


Рекомендовать
Последние новости