Қазақстанда өңдеу өнеркәсібін ілгерілететін 17 мегажоба жүзеге асырылып жатыр – сарапшы

Ақтоты Жапатова 11 июн. 2025 09:09

Қазақстан экономикасы шикізат сатуға тәуелділіктен біртіндеп арылып, өңдеу саласына бет бұрып келеді. Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың мәліметінше, қазір елде өңдеу өнеркәсібі мен нақты секторды дамытуға бағытталған 17 ірі инвестициялық жоба қолға алынған,- деп хабарлайды Dalanews.kz 

Сарапшының айтуынша, бұл жобалардың жиынтық құны шамамен 14,6 триллион теңгеге бағаланып отыр. Бұл сома — еліміздің Ұлттық қорының шамамен жартысына тең немесе республикалық бюджеттің кіріс бөлігінен сәл артық.

«Қазір нақты секторда, яғни бір тауарды жасап шығару ісінде Қазақстан ақырындап алға жылжып келеді. Бұл тоқтап тұрғаннан, немесе кері кетуден әлдеқайда жақсы. Бізде тек бюджеттік дисциплинамен ғана проблема бар. Ал экономиканың нақты секторы, әсіресе қайта өңдеу бағытында жағдай жаман емес», — дейді Олжаев.

Жоспар бойынша 17 жобаның 9-ы индустрия және құрылыс саласына, төртеуі энергетикаға, екеуі ауыл шаруашылығына, тағы екеуі туризм саласына тиесілі. Сарапшы бұл жобалар іске қосылған кезде ішкі жалпы өнімге жыл сайын шамамен 7,3 млрд АҚШ доллары көлемінде қосымша үлес қосылатынын айтады. Сонымен қатар 26 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Айбар Олжаев алдағы екі аптада бұл жобалардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, әлеуметтік желідегі парақшасында посттар циклын жарияламақ.


Рекомендовать
Последние новости