Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы тіркелді

Dalanews 05 окт. 2023 12:44 886

Бүгінде елімізде коронавирустың жаңа штаммы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Соңғы зерттеу деректері бойынша Қазақстанға «Эрис» деп аталатын омикрон штамы тіркелді. Қазір әлемдегі барлық ел мен аймақта омикронның жаңа штамдары тіркеліп жатыр. Сыртқы ортада коронавирус айналымы кезінде мутация пайда болады. Ай сайын ДДСҰ әлемде көптеген түрлі штамды тіркейді, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бүгінде жаңа штамды жұқтырған науқастар емделіп жатыр.

«Штамм қандай болса да клиникалық көрініс біртіндеп өзгереді. Ауру орташа немесе жеңілге ауысады. Қазір тек 35 адам стационарлық деңгейде емделіп жатыр. Олардың арасында қосымша аурулары бар қарттар көп», - деді Ажар Ғиният.

Рекомендовать
Последние новости