Қазақстанда барлық кәсіпкерлер биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндеттелмек

Кәмшат Тілеухан 06 авг. 2025 15:32

Қазақстанда бизнес өкілдері биометрия бойынша тексерілетін болады. Билік еліміздегі бүкіл кәсіпкерлерге әсер ететін осындай жаңа бақылау жүйесін енгізуде. Яғни, енді бизнесмендер тек құжаттар ғана емес, сонымен қатар саусақ іздері, бетті сканерлеу, тіпті дауыс тануды да қамтитын биометрия тәсілі бойынша да тексерілетін болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жалпы, бұл жаңашылдық жалған компаниялармен және өтірік шот-фактуралармен күресу жөніндегі ауқымды жобаның бір бөлігі болып табылады.

Салық органдарының жүйелерінде биометрияны қолдану қағидаларын бекіту туралы бұйрықтың жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Бұл арада аңду немесе бақылау туралы емес, бизнес ортада тәртіп орнату жайы сөз болып отыр.  Билік ақша жылыстатудың  сұр және көлеңкелі схемасы болып табылатын "бір күндік фирмалардың" көзін осылайша жоймақ ниетте.

Оның тәсілі қарапайы: жалған компания жалған шот-фактура жасайды, ал құжаттары бәрі тап-таза. Мұндай махинацияны тану қиын, әсіресе егер бәрі ресми түрде дұрыс толтырылып, дұрыс рәсімделсе.

Бұған жол бермеу үшін салық ақпараттық жүйелеріне биометриялық сәйкестендіру амалын енгізу жоспарлануда. Мәселен, егер сіз өз атыңызға компания тіркеген болсаңыз, жүйе оның дәл сіздікі екенін білуі керек, оның артында ондаған аты бар, заты жоқ заңды тұлға тұрмауы тиіс. Тек тірі адам бизнесті нақты басқаратынын анықтау керек.

Жоба Салық кодексінің 68-бабын орындау шеңберінде іске асырылуда және түсіндірмесінде атап көрсетілгендей, бизнес пен азаматтар үшін аса үлкен қауіп жоқ. Яғни, бұл бостандыққа да, құқықтарға да, нарыққа деген қолжетімділікке де әсер етпеуі керек .

Құжат талқысы 2025 жылдың 20 тамызына дейін белгіленген.

Биометриялық верификация идеясы тың жаңалық емес. Осыған ұқсас шаралар бірқатар елдерде көлеңкелі схемалармен және салықтан жалтарумен күресу үшін қолданылады.

Бұған дейін Қазақстанда салық салушылар онлайн-платформалар арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың табысын қадағалай бастайтыны хабарланған болатын.  


Рекомендовать
Последние новости