Қазақстанда ауасы ең лас елдімекендер тізімі белгілі болды

Асель Қайратқызы 13 нояб. 2025 15:10

2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанның 70 елді мекенінде атмосфералық ауаны бақылау нәтижесінде ластану шегі өте жоғары деңгейдегі  6 елді мекен анықталды: Қарағанды, Сәтпаев, Ақтөбе, Құлсары және Астана қалалары, сондай-ақ Шұбарши ауылы деп хабарлайды Dalanews.kz Ranking-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық ауаның жоғары деңгейде ластану категориясына тағы 11 елді мекен енді: Алматы, Атырау, Теміртау, Петропавл, Талғар, Павлодар, Қостанай, Абай, Түркістан қалалары, сондай-ақ Жанбай ауылы мен Қызылсай кенті. Ал ауа ластануының жоғары деңгейі категориясына 19 қала мен төрт кент, ал төмен деңгейі категориясына 16 қала, сегіз кент және алты ауыл жатқызылды.

— Соңғы бес жылда, 2021 жылдан 2025 жылға дейін, атмосфералық ауаның тұрақты жоғары деңгейде ластануы бірден жеті қалада байқалды — Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Петропавл және Астана. Сонымен қатар, Атырау мен Петропавлда негізгі ластаушы зат тек күкіртсутек болып табылады, Ақтөбеде — азот диоксиді мен күкіртсутек, ал Теміртауда — көміртек оксиді, азот диоксиді, күкіртсутек және фенол. Алматы, Қарағанды және Астана қалаларында ластаушы заттардың кең ауқымы байқалады: ілінген бөлшектер (шаң, РМ2.5 және РМ10), көміртек оксиді, азот диоксиді мен оксиді, күкіртсутек; ал Алматыда қосымша күкірт диоксиді мен фенолдың атмосфералық ауада болуы тіркелген, — деп хабарлайды сарапшылар.


Рекомендовать
Последние новости