Қазақстан мен Сербия арасындағы тікелей әуе қатынасы ашылды: SCAT Airlines Астана – Белград бағытын іске қосты

Dalanews 03 нояб. 2025 12:34

2 қараша күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Астана – Белград жаңа тікелей әуе рейсінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл рейс Қазақстан мен Сербияны тұрақты әуе қатынасы арқылы байланыстырды. Ұшуларды SCAT Airlines аптасына екі рет заманауи әріжайлы Boeing 737 ұшағымен орындайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бағыттың ашылуы - Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Республикасы Президенті Александр Вучич арасындағы 2024 жылғы қараша айында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі.

Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Салтанатты рәсімге қатысқандар:

Қазақстан Республикасының көлік вице-министріТалғат Ластаев;
• SCAT авиакомпаниясының президенті – Владимир Денисов;
• Сербия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі – Владимир Йовчич;
• «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы – Юсуф Әлжавдер.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасының көлік вице-министрі Талғат Ластаев сөз сөйледі.

"Бұл оқиғаМемлекет басшысының көлік-логистикалық жүйені дамыту және еліміздің халықаралық ынтымақтастығын нығайту жөніндегі бастамаларын дәйекті түрде іске асырудың бір бөлігі.

Астана мен Белград арасындағы тікелей әуе рейсінің ашылуыҚазақстан мен Сербия арасындағы серіктестікті нығайтудағы маңызды қадам, ол іскерлік және туристік байланыстар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Көлік инфрақұрылымы мен халықаралық ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның Орталық Азия мен Еуропаны байланыстыратын әуе хабы ретіндегі рөлін күшейтеді. Астана – Белград бағытының ашылуы осының айқын дәлелі", - деп атап өтті ол.

SCAT Airlines президенті Владимир Денисов те жаңа бағытқа қатысты сөз қозғады.

"Астана – Белград бағытының ашылуыҚазақстан мен Сербия арасындағы серіктестікті нығайтудың символы әрі біздің авиакомпаниямыздың маршруттық желісін дамытудың маңызды кезеңі.
Бұл бағыт 2025 жылы SCAT Airlines ашқан он бірінші жаңа халықаралық рейс болып отыр. Біз ұшу географиясын кеңейтіп, Қазақстанның әлемдік көлік картасындағы орныннығайтып отырғанымызды мақтан тұтамыз. Жаңа рейс біздің елдер арасындағы сапарларды тек ыңғайлы әрі қолжетімді етіп қана қоймай, сонымен қатаржол уақытын едәуір қысқартады. Ол жолаушыларғаБалқан, Еуропа және Орталық Азияға тікелей жол ашады. Іскерлік орта үшінбұл жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктері, туристер үшінжаңа бағыттар мен мәдениеттерді тану, ал біздің елдеріміз үшінхалықаралық диалог пен өзара түсіністікті дамытуға нақтыүлес. SCAT Airlines заманауи, қауіпсіз және тұрақты әуе желісіндамыту бағытын жалғастырып, қалалар мен адамдарды, идеялар мен мүмкіндіктерді байланыстырады", - деді ол.

2025 жыл SCAT Airlines тарихындағы ең қарқынды жылдардың бірі болды.
Осы жылы ғана авиакомпания Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Мысыр және Еуропалық Одақ елдеріне оннан астам жаңа халықаралық бағыт ашты.

Маршруттық желіні кеңейту ұшақ паркін жаңартумен және Boeing корпорациясымен ынтымақтастықты нығайтумен қатар жүруде, бұл борттағы жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Сербия – Балқан жүрегі, бай мәдениетімен, әсем табиғатымен және қонақжай халқымен танымал ел.

Жаңа тікелей рейс қазақстандық жолаушыларға Еуропаны өзгеше қырынан тануға мүмкіндік береді: Белградтың ерекше атмосферасын, көне қамалдарын, жайлы көшелерінжәне шығыс жомарттығы мен еуропалық талғам үйлескен балқан асханасын сезінуге жол ашады.
Ал еуропалық жолаушылар үшін бұл бағытзаманауи, серпінді дамып келе жатқан және барған сайын тартымдыболып келе жатқан Орталық Азияның жүрегіҚазақстанды ашудың ыңғайлы тәсілі.

SCAT Airlines құрлықтарды, елдерді және адамдардыбайланыстырып, жаңа сапар көкжиектерін аша береді! 

SCAT Airlines бортында сізді асыға күтеміз!


Рекомендовать
Последние новости