Қазақстан Черногориядан Түркия азаматын экстрадициялады

Сағыныш Сардарова 09 февр. 2026 17:45

Қазақстан Черногориядан Түркия азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстанның Черногориядағы елшілігінің көмегімен ірі көлемде қаржы ұрлады деген күдікпен түрік азаматын экстрадициялады.

Тергеу барысында күдікті құрылыс компаниясының басшысы бола отырып, 2022-2024 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасап, үлестес ұйымдар арқылы Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің құрылысына арналған 6 миллиард теңгеден аса қаражатты жымқырғаны анықталған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Былтыр наурызда ол Черногорияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove