Президент Тоқаев экс-министр Омаровтың негізгі қателіктерін айтты

Dalanews 19 июл. 2021 12:57 821

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз етуді тағы бір алаңдатып отырған мәселе ретінде атап өтті. Оның айтуынша, ауа-райының қолайсыздығынан және болжам жасау жұмысының тиімсіздігінен ахуал ушығып кеткен. Бір ғана Маңғыстаудың өзінде 3 мыңға жуық мал қырылып қалған.

– Әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің тарапынан дұрыс шешім қабылданбаған. Жүйелі әрі нақты жұмыс атқарылмаған.

Соның кесірінен шаруаларымыз тығырыққа тіреліп отыр. Нақты іс-әрекет пен кері байланыс жоқ. Сондықтан фермерлер көмек сұрап, тікелей маған өтініш айтуда.

Әрине, қуаңшылық – табиғи жағдай. Мұны жақсы түсінемін.

Дегенмен, бұл – мәселенің бір жағы ғана.

Ең алдымен, осындай күрделі кезеңде тиісті министрлік шұғыл және батыл шешімдер қабылдауы қажет еді. Бірақ, министрлік бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра алған жоқ. Сондықтан осы салаға бірден-бір жауапты тұлға ретінде министр Сапархан Омаровтың отставкаға кеткені дұрыс деп есептеймін, – деді Президент.

Рекомендовать
Последние новости