Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Асланбек Дәулетьяров бұл турасында егжей-тегжейін айтпаған. Ол бұған дейін үкімді заңсыз және негізсіз деп санайтынын, сондықтан апелляцияға беретінін мәлімдеді.
Еске салайық, биыл 25 шілдеде Астана қаласындағы ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында Перизат Қайрат пен анасына қатысты сот үкімі шықты.
Сот үкімімен Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.
Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.