«Педагог» кәсіби стандарт жобасы талқылауға ұсынылды

Dalanews 19 окт. 2022 11:26 1426

«Педагогтің» кәсіптік стандарты туралы жобаны талқылап, ұсыныс айту, ой-тұжырым жасау мақсатында «Өрлеу» Алматы филиалы «Ұстаздар үйінде» пән мұғалімдерімен арнайы кездесу өткізді. Кездесуге 121 адам қатысты. Іс-шара барысында Институт директорының орынбасары Қайсар Нұрлыбаев Оқу-ағарту министрлігінің жаңа жобаны талқылауға ұсынып отырғанын, бүгінгі жиналысқа қатысушы ұстаздардың әрбір ұсыныс-пікірлерінің келешектегі құжат үшін аса маңызды екендігін баяндады. Институттың аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы ҚР «Атамекен» Ұлттық Палатасының 2017 жылғы 8 маусымдағы №133 бұйрығымен бекітілген «Педагогтің» кәсіби стандартын негізге ала отырып жаңа жобаның айырмашылықтарын атап өтті.

Қатысушылар тарапынан сөз кезегін алған ұстаздар: «Сынып жетекшілері жұмыстан босатылып, жетекшілік міндетін орындайтын болса, білім сапасы мен тәрбие сапасын дамытуға мүмкіндік артады».

Келесі ұсыныс айтуға шыққан мұғалімдер: «Кәсіби стандарттың дұрыс бағытта жасалғанын атап өтті. Мәселен 4-тараудағы кәсіптер карточкалары егжей-тегжейлі пелагогтерге қойылатын талаптарды жіктеп көрсеткені – педагогтердің талапқа сай қызмет жасауына ықпал ететінін негіздейді. Қазақстанда білім беру сапасын академиялық және практикалық арттырудағы қазіргі және болашақ қажеттіліктер, білім беру саласындағы заманауи зерттеулер және үздік халықаралық тәжірибе ескерілген. Алайда, жобадағы кейбір сөйлемдерді түсіну қиындау болғандықтан, талқылауға қатысқан ұстаздар сары түспен белгілеп, өздерінің пікір-ұсыныстарын жеткізді.

Мәселен, 3. Мамандыққа қоғамдық сенімді қолдау және білім алушыларды құндылықтар жүйесіне тарту деген кәсіптік мақсат түсініксіздеу жазылған. Осы мақсатты барша педагогке түсінікті тілмен ұсыну сұралды. 4. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асырудың 2-міндет: Кәсіптік дамуды жүзеге асырудың Білік және дағдылар мазмұнындағы 5. Кәсіби қоғамдастық шеңберінде өзін-өзі дамыту тәжірибесін тарату және өзін-өзі табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету – деген сөйлемдегі және өзін-өзі табысты жүзеге асыруды қамтамасыз ету сөздерін алып тастауды, «Мектеп мұғалімі» кәсіпкер карточкасының 4. Оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру міндетіне білім, білік және дағдылар кәсіптік қызметке Lesson Study тәсілі бойынша педагогтердің құзыреттіліктері болуы туралы талаптарды қосымша белгілеуді ұсынды.

Мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасау сыныптағы сабаққа кедергі келтіретіндіктен инклюзивті білім беруге арнайы сыныптар ашылса. Атаулы стандарт жобасында ой қайталайтын артық сөйлемдер, аяқталмаған сөйлем кездесетіндіктен мәтін қайта редакцияланып, түсінікті тілде жазу талаптары ұсынылды.

«Өрлеу» Алматы

Рекомендовать
Последние новости