Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызы әрі президент әкімшілігінің жетекшісі Саида Мирзиёева Америка–Өзбекстан іскерлік және инвестициялық кеңесінің тең төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Саида Мирзиёеваның лауазымы Өзбекстан президентінің қарашадағы АҚШ-қа сапары мен "C5+1" саммитіне қатысуынан кейін бірден бекітілген.
Бұл кеңес Ташкент пен Вашингтон арасындағы бірлескен инвестициялық және сауда бастамаларын ілгерілетуге бағытталады. Сонымен қатар, екі ел арасындағы инвестицияларды өзара қорғауға қатысты келісімдерді әзірлеумен айналысады.