Орынбасары жемқорлықпен ұсталған әкім орнында не қылып отыр?

Dalanews 05 янв. 2017 18:06 999

Астанадағы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Риза Акчурин тергеу шараларына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімдігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының мәліметтеріне сүйене отырып, заңнамаға сәйкес, аудан әкімі орынбасарының тергеу шараларына байланысты уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлады", - деді аудандық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, "СБС-Снаб Сервис" ЖШС мен "Install Service Com" ЖШС-тарға қатысты шаралар қолданылады.

"Сарыарқа ауданының әкімдігі алдағы уақытта істі зерттеу үшін тергеу органдарына барынша көмек көрсететіндерін айтты. Әкімдіктегілер жүйелі түрде жемқорлықтың алдын алу мен онымен күресу мәселелерімен жұмыс істеп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Айта кетейік, Ұлттық бюро Акчуринге елорда әкімдігінің "Астана Тазалық" ЖШС бас директорымен қылмыстық келісімде болған деген күдік келтірген.

"Р.Акчурин Астана әкімдігінің "Астана Тазалық" ЖШС бас директорымен қылмыстық келісімде болып, "СБС-Снаб Сервис" ЖШС және "Install Service Com" ЖШС құрып, 2016 жылы жалпы соммасы 1,8 миллиард теңгені болатын көшелерді механизациялық және санитарлық тазалау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңіске жетуін заңсыз қамтамасыз етіп, заңсыз кіріс көрген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Р.Акчурин өзінің қарамағындағы компаниялардың мүдделері үшін әкімдіктің лауазымды тұлғаларына бірнеше рет пара бергенін хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі кезде Р. Акчурин  ҚР ҚК 128-бабына сәйкес Астана ІІД уақытша қамау абақтысына жабылды.

Рекомендовать
Последние новости