Оңтүстікте сұйылтылған газ бағасы арзандады

Dalanews 03 июл. 2017 05:19 851

Оңтүстік Қазақстан облысында сұйытылған газ бағасы арзандады. Сондай-ақ өңірге бөлінетін сұйытылған мұнай газының көлемі 11 500 тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі уәкілетті органмен бірлесіп жүргізген жұмыстарының арқасында қол жетізіліп отыр. Осы жұмыстардың нәтижесінде  облыстағы автогазқұю бекеттеріндегі баға 2017 жылдың басталуымен салыстырғанда литрі 59-60 теңгені құрап, 7 теңгеге дейін төмендетіліп халықтың әлеуметтік жағдайына оң әсерін берді.

Айта кетейік,өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде Энергетика министрлігі тарапынан Оңтүстік Қазақстан облысына 4000 тонна көлемінде сұйытылған мұнай газы бөлінген. Бұл бөлінген көлем облыстың сұранысын толық қамтамасыз етпей сұйытылған газ бағасының едәуір жоғарғы деңгейде қалыптасуына алып келген болатын.

Еске салайық,  ҚР 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңымен республикада газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік реттеу енгізілген. Аталған заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі нарығының сұйытылған мұнай газына қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі Үкімет белгілеген тәртіппен, ішкі нарыққа жеңілдетілген бағадағы сұйытылған мұнай газын беру жоспарын бекітті.

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 27 мыңнан астам автокөлік сығымдалған газ пайдаланады. Ал,  автогаз құю бектерінің саны 240 бірлікке жетіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Күніне облыс бойынша шамамен 20 автокөлікке газ қондырғысы орнатылады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости