Оңтүстік өңірге Судан шөбі мен Африка тарысын өсірудің маңызы

Dalanews 08 авг. 2023 12:09 1648

Ауа райының өзгеруі, жаз бен қыста температураның шектен тыс ауытқуы – ауыл шаруашылығы дақылдарының өніп өсуіне кері әсерін тигізуде. Әсіресе Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ауа температурасының нормадан тыс жоғары болуы дақылдардың өнімділігінің төмендеуіне әкеп соғып жатқаны жасырын емес. Елімізде құрғақшылыққа төзімді, жоғары өнімді дақылдарды өндіріске тезірек енгізу – мәселені шешудің ең тиімді жолы.

 Арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, дақылдарды өсіру  технологиясын қатаң сақтаған жағдайда Судан шөбінің жасыл салмағының өнімділігі гектарына 40 тоннаға жетсе, африкалық тарының жасыл салмағының өнімділігі 40 тоннаға дейін, ал дән өнімділігін сәйкесінше гектарына 1,7 және 2,2 тоннаға дейін жеткізуге болады екен.

Аталған дақылды елімізде өсіру үшін жыл сайынғы дақылдың экстремалды агроэкологиялық жағдайға қалыптасуына орай алдағы уақытта шаруалар Судан шөптері мен африкалық тары дақылдарын барынша өндіріске енгізу керек.

Климаттың өзгеруі, топырақ пен табиғи ресурстардың тозуы, шөлейттену, су тапшылығы және жиі құрғақшылық, энергетикалық шикізаттың табиғи қорының азаюы әлемдік деңгейде де, ұлттық деңгейде де азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіріп отыр.

Қазақстанның климатының температурасы жылдан жылға жоғарылап барады, яғни 1961-1990 жылдар аралығында орташа ұзақ мерзімді ауа температурасын 1991-2020 жылдар аралығындағы жағдаймен салыстырғанда ел аумағында орташа жылдық температураның орташа көрсеткіші 0,9 градусқа ұлғайғанын көрсетеді.

БҰҰ Даму Бағдарламасы 2020-2039 жылдар аралығындағы Қазақстандағы климаттың өзгеруі жайындағы болжамдарына сәйкес, температураның жыл сайынғы 1,7-1,9 градусқа, ал 2040-2059 жылдар аралығында жыл сайын 2,4-3,1 градусқа көтеріледі деп болжауда.

Жаһандық климаттың өзгеруі, топырақ пен табиғи ресурстардың тозуы, шөлейттену, су жетіспеушілігі мен құрғақшылық, табиғи энергия қорларының қысқаруы Қазақстанның азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Құрғақшылыққа өте төзімді, өнімділігі жоғары, еліміздің барлық аумағында өсетін дақылдарды өсіру мәселелердін шешудің ең тиімді жолы болып табылады.

Осылайша, Орталық Азияда Судан шөбі мен Африка тарысы сынды құрғақшылыққа төзімді жоғары өнімді дақылдарды шаруашылықтарға енгізіп, климаттың жаһандық өзгеруінің салдарын шешуге мүмкіндік береді. Судан шөбі мен Африка тарысы тропикалық аймақтарда өсетін, құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдік.

Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары ҚР АШМ-нің 267 бюджеттік бағдарламасы бойынша, ВR10764908 «Қазақстан өңірлері үшін өсірудің әртүрлі технологияларын салыстырмалы зерттеу негізінде өңдеу технологиясының элементтерін, сараланған қоректенуді, өсімдіктерді қорғау құралдарын және рентабельді өндіріс үшін техниканы қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының (дәнді, дәнді-бұршақ, майлы және техникалық дақылдарды) егіншілік жүйесін әзірлеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде орындалып жатқан жұмыстарға негіз болды.

2015 жылдан бері ғылыми жобалардың нәтижелері бойынша Судан шөбі мен Африка тарысын қатаң климатқа бейімдеу мақсатында экологиялық сорт сынау жүргізіле бастады. Бірнеше жылдан бері жүргізілген сынама нәтижесінде құрғақшылыққа төзімді сорттар іріктелді. Бұл мал азығы ретінде құнарлы, жоғары өнімді, тұзға төзімді дақылдардың бірі.

Мал азығы үшін өсірілген Судан шөбі мен Африка тарысы көк майса шөбін жаз бойы 2-3 рет орып, малды азықтандыруға, дәндерінің сүт болып пісу мезгілінде сүрлем дайындауға, қысқы шөп ретінде және дәнге пайдалануға болады.

Соның ішінде сүт кешендеріндегі сауын сиырлар үшін аталған дақылдар таптырмас азық болады. Бұл – дақыл қуаңшылыққа ғана төзімді емес, сонымен қатар өзге дәнді-дақылдарға қарағанда аурулар мен зиянкестерге де төзімді екенін айта кетуіміз керек.

Танаптық тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей екі орымда гектарынан 42,4-50,5 тоннаға дейін көк балауса мал азығын алуға болады. Бүгінде ауылшаруашылық саласы үшін таптырмас жаңа дақылды шаруалар жаппай қолдануды көздеп отыр.

Осы уақытқа дейін елімізде Судан шөбі мен Африка тарысы кеңінен қолданыла қойған жоқ. Осыған байланысты оны шешу жолдарының бірі – жасыл салмағы жоғары, көп мақсатты мүмкіндіктері шексіз, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген Судан шөбі мен Африка тарысының өнімділігі жоғары сорттарын жетілдіру.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында құрғақшылыққа төзімді дақылдар (Судан шөбі және африкалық тары) биомасса мен астықтың жоғары өнімін қамтамасыз ететін сапасы жағынан жоғары өнімді, бағалы мал азықтық дақылдар болып табылады.

Зерттеу нәтижелері бойынша өсіру технологиясы қатаң сақталған жағдайда судан шөбінен 450 ц/га дейін және африкалық тарыдан 400 ц/га дейін жасыл салмағының өнімі, дән өнімділігі бойынша гектарына 17-22 центнерге дейін өнім алынды.

Мал шаруашылығы саласын қажетті азықпен қамтамасыз ету және шалғындар мен жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында зерттеуге алынған Африка тарысымен тұрақты жемшөп қорын дайындап, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде тиімді дақыл екенін көрсетті.

Ауыл шаруашылығы ауа райының қолайсыздығына ең көп әсер ететін секторлардың бірі болып қала береді. Жылдан жылға температураның қалыптан тыс жоғарылауына байланысты Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде құрғақшылық басталды, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің төмендеуіне әкелді.

Еліміздің барлық аумағында өсуге қабілетті аса құрғақшылыққа төзімді,  жоғары өнімді дақылдарды өндіріске кеңінен енгізу проблеманың ең тиімді шешімдерінің бірі болып табылады.

Құрғақ аумақтар үшін ең перспективті дақылдардың бірі – Судан шөбі болып табылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында құрғақшылыққа төзімді дақылдар (судан шөбі) биомасса мен астықтың жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін жоғары өнімді, сапасы жағынан құнды жемдік дақыл болып табылады. Өсіру технологиясын сақтай отырып, жасыл массаның өнімі 40 т/га судан шөптері мен 40 т/га дейін мал азығын өндіруге болады. Ал  Африка тарысынан 1,7 т/га дейін және 2,2 т/га дейін дән алуға мүмкіндік бар.

Гуля ҚҰНЫПИЯЕВА, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, а.ш.ғ. кандидаты

Дереккөзі: "Қала мен Дала" газеті

Рекомендовать
Последние новости