Оңтүстік Корея президенті Тоқаевты ресми сапармен келуге шақырды

Көркем Алдабергенова 23 июл. 2025 12:55

Мемлекет басшысы Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости