Оңтсүтікте «Хакатон» хакерлік марафоны өтеді

Dalanews 14 июн. 2017 10:51 882

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы мен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының халық пен бизнестің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділігін, ақпаратпен алмасуды тездету аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі тарапынан жалпы ашық конкурс «Хакатон» Хакерлік марафоны ұйымдастырылуда. Маусым айының  19-20 аралығында өтетін шараға  IT-саласының түрлі деңгейдегі мамандары қатысатын болады.

Барша ақпараттық технологиялар саласы бойынша мамандық иелері мен өзіне сенімді, талапшыл, өзгеше ойлау қабілетінің талант иелеріне Хакатонға қатысуға мол мүмкіндік туып отыр.

Талант иелеріне берілер жүлде қоры да қомақты.  Бірінші орынға – 1 миллион теңге, екінші орынға 500 мың теңге, үшінші орынға 250 мың теңге сыйлықтар беріледі.  Барлық қатысушылар назардан тыс қалмай, арнайы сыйлықтармен марапатталады. Ең жақсы, тың идеялы жобаларға сарапшылар гранттар беру бойынша мүмкіндік қарастыратын болады.

Қатысуға ниет білдіргендер  on-startup.kz  сілетемесі арқылы тіркеле алады.

 

ОҚО әкімінің  баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости