«Nur Otan» арыстық тұрғындардың арыз-шағымын қарады

Dalanews 16 сент. 2019 13:38 690

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы арыстықтардың арыз-шағымын қарау үшін қоғамдық қабылдау жүргізді.

Қабылдауға тұрғын үй жұмыстарына қатысты арыз-шағым бойынша 4 тұрғын келген.

Б.Махаев, Ә.Сейдуалиев, Н.Адырбеков, Ж.Абдрахманова есімді арызданушылар тарапынан отырған баспанасына құрылыс жұмыстарын жүргізу  мәселелері бойынша өтініштерге нақты шешімдер  қарастырылды. Түркістан облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Тәжібаев:

– Партия үнемі халықпен тығыз байланыста болуы керек. Бір күнде халықтың қаншама мәселесімен танысып, жұрттың үміт келетінін байқауға болады. Өйткені ел қиындыққа ұшыраған  соң партияға келеді. Ол ретте біздер мәселені шешуге барынша көмектесуіміз керек. Қаншама отбасыға жәрдемдерін жасалды. Бұл жолы да шағымданушылардың мәселесін жауапты мекемелермен бірге мұқият қарап, оңтайлы шешілуіне атсалысамыз, – деді.

Қазіргі таңда Арыс қаласында тұрғын үйлер саны 8522 болса, оның 7063 зақымданған, 468 тұрғын үй жарамсыз. Сонымен қатар бүгінгі таңға 7208 тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары бітіп, отбасылар қоныстанған. Қазір қалада 415 тұрғын үйде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Олар таяуда пайдалануға беріледі.

Арыс қалалық партия филиалына  бүгінге дейін 204 ауызша-жазбаша арыз тіркеліп, оның 123-і оңтайлы шешілген. Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Орталық аппаратқа, облыстық қалалық партия филиалдарына және Call орталығына телефонмен түскен арыз шағымдарға орай үйлерге жүргізілген құрылыс жұмыстарының сапасына келіспеген 221 тұрғын үй иелері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көмек көрсетілді.



 

«Nur Otan» партиясы  Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости