Назарбаевтың отбасы Қазақстанның салық төлеушілер базасынан жоғалып кеткен - БАҚ

Сағыныш Сардарова 05 дек. 2024 15:17 1806

Қазақстанның әрбір азаматының ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі бар, ол өмір бойы өзгеріссіз қалады. Ол бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтер ала алады және мемлекеттік базалар тізімінде тұрады. Orda.kz тұңғыш президенттің, оның қыздары мен күйеу баласының жеке сәйстендіру нөмірлері Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтер базасынан жоғалып кеткенін анықтаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Комитет сайтында іздеу жүйесі жұмыс істейді, ол бойынша азаматтың салық бойынша қарыздары бар-жоғын, сондай-ақ, салық базасында мұндай адам бар-жоғын білуге болады. Ол үшін іздеген адамның ЖСН-ін білуі керек.

Басылым ірі сақтандыру компанияларының бірінің аффилиирленген тұлғаларының тізіміне қол жеткізген. Онда бес жыл бұрын Тимур мен Динара Құлыбаевтар "АЛМЭКС "Холдингтік тобы" АҚ-ның ірі акционерлері ретінде енгізілген. Тиісінше, олардың жақын туыстары құжатқа енгізілген, оларға тек балалар мен ата-аналары емес, бауырлары да кіреді.

Бұл тізімде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми отбасының басым бөлігі ЖСН-мен бірге көрсетілген. Бірақ комитеттің базасы бұрынғы президенттің барлық отбасы мүшелерін көрсете алмады.

Мысалы, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайты Нұрсұлтан Әбішұлының өзі, оның қыздары Дариға мен Динара, сондай-ақ, күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жеке нөмірлерін таппады.

Бұл азаматтардың барлығы Қазақстанда тұрмайды деген болжам да бар. Өйткені заң бойынша ЖСН-нің қолданылуын тоқтата тұру себептерінің бірі - азаматтың басқа мемлекетке тұрақты тұруға кетуі.

"Бірінші президент пен оның туыстары қандай да бір себеппен салық төлеуден босатылды деген болжамды жоққа шығарамыз. Біріншіден, мұндай жағдай Қазақстан заңнамасында қарастырылмаған. Екіншіден, Мемлекеттік кірістер комитетінің базасы бірінші президенттің отбасының басқа мүшелері туралы деректерді оңай шығарды", - деп жазылған басылым дерегінде.

Сонымен қатар, басылым Сара Алпысқызының деректерін тапқан.

"Қазір ол Назарбаева емес, Қонақай. Бұл - оның қыз кезіндегі қысқартылған тегі, тұрмысқа шыққанға дейін Қонакаева болған. Ол тегін неге өзгерткені белгісіз. Сонымен қатар, МКК сайты Сара Алпысқызының жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша 2102 теңге қарызы бар екенін көрсетті", - деп жазылған басылым ақпаратында.

Сондай-ақ, салық базасында Қазақстанның экс-президентінің кіші қызы бар. Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның қарыздары жоқ, бірақ салық төлеуші болып саналады.

Жүйе Тимур мен Динара Құлыбаевтардың балаларын да тапқан: 34 жастағы Алтай Тимурұлы Құлыбаев, 20 жастағы Дениза Тимурқызы Құлыбаева және 14 жастағы Алиша Тимурқызы Құлыбаева.


Рекомендовать
Последние новости