Министрлік босандыру тарифін өсірді: енді кесарь операциясы қанша тұрады?

Кәмшат Тілеухан 05 авг. 2025 15:30

Қазақстанда 2024 жылдың 1 маусымынан бастап босандыру, акушерлік операциялар, салмағы төмен жаңа туған нәрестелерді күту және педиатриялық қызметтердің тарифтері 36 пайызға өседі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мәселен, ауыр диагноз кезінде жасалатын кесарь тілігі отасының бағасы 323 мың теңгеден 440 мың теңгеге дейін өсіп, тариф 36%-ға артқан. Аталған мақсаттарға қосымша 20 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы медициналық ұйымдардың қарызын азайтып, нақты шығындарын өтеуге мүмкіндік берді, сондай-ақ қымбат дәрілік препараттарға қолжетімділікті арттырып, тәжірибелі мамандарды ұстап қалуға жағдай жасайды", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, медициналық авиация арқылы көрсетілген шұғыл көмек шараларының арқасында әйелдер мен балалардың 96%-ының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған.

2024 жылдан бастап босандыру және балаларға арналған медициналық ұйымдардың жабдықталуы 87%-ға дейін жақсарып, медициналық техниканың тозуы 37%-ға төмендеген.


Рекомендовать
Последние новости