Миллиондап сыйақы таратқан футбол клубының директоры ұсталды

Dalanews 08 нояб. 2016 17:38 992

«Ақтөбе» футбол клубының директоры Дмитрий Васильев 300 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды inform.kz  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап

«Тергеу анықтағандай, АҚ бас директоры Васильев  сыйақыларды заңсыз төлеу жолымен 300 млн. теңге сома бюджет қаражатын қолды еткен.  Бұл ретте  өзінің «сыйақысының» мөлшерін» бірауыздан белгілеп отырған. Оның ішінде Футболдан Қазақстан чемпионатының 1-кезеңі аяқталғанға дейін мықты командалар алтылығына шыққаны үшін «Ақтөбе» ФК жаттықтырушысы мен футболшыларына жалпы сомасы 69 млн теңгеге заңсыз сыйақы берген фактісі анықталды.  Көрсетілген сомадан 15 млн. теңгені Васильевтің өзі алған», - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі. 8 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Васильевті  ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес  ұстады және Ақтөбе облысы ІІД УҰИ-ге  орналастырды.

 

Рекомендовать
Последние новости