Мен Назарбаев – "Ұлт тағдыры" "Нұр Отан" болған емес – Дос Көшім

Dalanews 18 нояб. 2022 02:44 1299

Журналист Нартай Аралбайұлының Youtube каналында белгілі қоғам қайраткері, саясаткер Дос Көшім сұхбат беріп, осыған дейін өткен Президент сайлауында Әміржан Қосановтың сайлау компаниясына өзінің қаншалықты қатысы болғанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сұхбатта Дос Көшім нағыз саясаткерлер үндемей-ақ үйдей іс бітіретінін алға тартыпты.

– Қазір көпшілік кім телеарнада, әлеуметтік желіде көп сөйлесе сол адам саясатпен белсенді түрде айналысып жүр деп ойлайды. Саясатпен айналысқысы келген адамдар да осы көзқарасты ұстанады.

Әрине, кез келген саясаткер халыққа танымал болуы керек. Бірақ саясаткер көпшілікті сөзімен емес, ісімен баурап алу керек қой.

Осы тұрғыдан алғанда мен көп сөйлеп көпшіліктің көзіне түскенді қалмаймын. Иә, қазіргі қоғамдық саяси өмірде ақ боз атқа мініп алып, жұрттың алдына шығып, соңынан ертетін тұлғалар болады.

Бірақ, кез келген саясаткер алдымен өзінің ісімен танылуы керек деп есептеймін, – депті саясаткер. Осы тұста журналсит Нартай Аралбайұлы:

– Осыған дейін өткен Президент сайлауында сіз үндемей іс бітіретін саясаткер, ал Әміржан Қосанов ақ боз атқа мініп топ бастайтын саясаткер болды ма? – деп сұрақ қояды.


– Өткен сайлаудағы Әміржанның әркетін қарсыластарым бетімізге салық қылып басумен келеді. Бұл менің қарсыластарыма жақсы болды.

Ашығын айтсақ, сол сайлауда Әміржан Қосанаов Президенттік саяси додаға қатысу үшін мен басқаратын «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымын пайдаланды.

Ал қалған сайлау науқанын қалай жүргізетінін, халыққа нендей әңгіме айтатынын өзі шешеті. Өйткені ол саясаттың қазанында 30 жыл қайнаған азамат қой. Іс-тәжірибесі жеткілікті.

Содан кейін тағы бір ескертетін жайт, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жиналысында бұл мәселені талқылағанымызда ұйымға мүше азаматтар кеңесіп, шешім қабылдады.

Егер сол кезде мен Әміржан Қосановтың «Ұлт тағдыры» ұйымы атынан кандидат ретінде сайлауға түсуіне қарсымын» деп суырылып шықсам да,  менің айтқаным болмас еді.


Біздің қоғам бірінші басшы не айтса, соның айтқаны заң, толықтай орындалады деп ойлайды. Жалпы, бұл көзқарас Кеңес заманында, одан кейін Назарбаев кезеңінде мызғымастай болып орнықты. Осы ой халықтың санасына да сіңіп кеткені жасырын емес.

Бірақ «Ұлт тағдыры» ұйымы ондай емес. Мен ол жерде бар болғаны басшымын. Менің басшы болуым – барлық мәселе мен ойлағандай болады дегенді білдірмейді. Біздің биліктен артықшылығымыз да осыда.

Сондықтан халық менің Назарбаев, «Ұлт тағдырының» «Нұр Отан» партиясы емес екенін түсінуі керек. «Нұр Отан» партиясының жиынында Назарбаевтың айтқанын партияластары үтір-нүктесіне дейін орындап келгені белгілі.

Бірақ «Ұлт тағдырына» мүше азаматтардың айтар ойы, пікірі бар. Олар менің айтқанымен жүрмейді, – деп Дос Көшім жауап беріпті.

Рекомендовать
Последние новости