Медбикелер семинары: қандай мәселелер талқыланды?

Dalanews 19 апр. 2016 02:29 1176

Алматы медициналық колледжінде медбикелерге арналған семинар ұйымдастырылды.  Бір қарағанда қаладағы күнделікті өтіп жатқан әдеттегі кәсіби семинарларға ұқсағанымен бұл жолғы шараның маңызы бөлек. Семинар 70-ке жуық медбике мен акушердің басын қосты. Қатысушылар кәсіби шеберлік сабақтарынан тыс, басқа да маңызды машықтар мен дағдыларға үйренді.

Семинар «Салауатты босану» әлеуметтік-сауықтыру жобасының аясында жүзеге асырылды.  Жоба жүкті әйелдерге арналған және нәрестенің дені сау, аман-есен дүниеге келуін алдына мақсат етіп қойған.

IMG_5194Аталған әлеуметтік жобаның аясында медицина саласының жұмыскерлеріне арналған тегін шеберлік сабақтар мен конференциялар жүргізіледі. Жоба жүзеге асырылып отырған бес жыл аралығында 9000 отбасыға көмек көрсетіліп, 5000-нан астам медициналық қызметкер дайындықтан өтті.

 – Семинардың атауы «Медицинадағы тиімділік анатомиясы». Оның медицина қызметкерлері маңызы зор. Біздің медбикелеріміз инъекция салу, таңу және дәрі беруді жақсы атқара алады. Қазақстандық оқу орындарында олар жақсы кәсіби дайындықтан өтеді. Алайда адами қарым-қатынас жасауды ол жерде оқытпайды. Негізінде дәл осы дүние медбикелер мен акушерлерге өте қажет, өйткені орта деңгейдегі медициналық ұжым жүкті әйелдермен және олардың отбасыларымен тікелей жұмыс жасайды. Мұндай қарым-қатынастарға немқұрайлы қарауға болмайды, себебі әр жүкті әйел өзінің акушеріне, медбикеге сенім артуы қажет, – дейді жоба басшысы Елена Никитина.         

Семинарда талқыланған мәселелер әрбір медицина маманына таныс.  Жүкті әйелдер көп, ал медбике жалғыз екені де рас. Жұмысты үндемей атқаруға болады, бірақ сол жұмысты күлімсіреп, мейіріммен де атқаруға болады. Бір қарағанда бұл түкке тұрмайтын дүние көрінгенімен,  іс жүзінде медицина қызметкерінің осындай көзқарасы, қарапайым адамгершілігі мен мейірімі жүкті әйелмен байланыс құруға көмектеседі. Адаммен араласта әрдайым күлімсіреп сөйлеу үлкен мәдениеттің белгісі. Бұл көп күшті талап етпейді...

Шара барысында семинарға қатысушылар алдарына нақты мақсат қойып, жоспар жасады. Семинар ұстаздары Елена Никитина мен Игорь Цой рөлдік ойындар, роликтер көру, сынақ жүргізу сияқты тәсілдерді қолданды.  Тәжірибелері мол дәрігерлер медицина қызметкерлері күнделікті шешетін мәселелер мен сұрақтарды жақсы біледі. Сондықтан қатысушылар үшін естіп-білгендерін көңілдеріне тоқу, алған білімдерін өз жұмыстарында және өз өмірлерінде қолдана алуы маңызды болды.

– Медицина қызметкері бақытты да табысты болып, әрқашан көңілді және сенімді болып жүргені өте маңызды. Сонда ғана ол пациентімен, әсіресе жүкті әйелмен өзінің көзқарасымен бөлісе алады. Ал нәрестенің денсаулығы жүкті әйелдің көңіл-күйі мен денсаулығына байланысты, – дейді Елена Никитина.

IMG_5001Семинар өте пайдалы болды. Бұл тек қатысушылардың пікірі ғана емес, оны сынақ нәтижелерінен де байқауға болады.

– Семинар өте пайдалы болды. Жаңа дүниелермен  таныстым, әріптестеріме осындай семинарға жиі қатысуды ұсынар едім, – дейді қалалық №12 учаскелік медбикесі Закирова Динара.

 – Барлық әріптестерімен осындай семинарларға қатысып, жаңа нәрселерді үйреніп, енгізуді ұсынамын. «АИСТ» орталығына және Медколледжге табыс тілеймін, медбикелерге көңіл бөлгендеріңіз үшін рақмет! – деді өз кезегінде қалалық №16 учаскелік медбикесі Марал Ақатаева.

Семинардың қорытындысында 70 қатысушыға сертификат тапсырылды.

Шараның ұйымдастырушылары – «Аист» жеке қоры, Алматы қ. Медбикелер ісі мамандарының ассоциациясы, Алматы медицина колледжі мұндай семинарларды ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ,  келесі семинар 26-28 сәуірде Алматы медицина колледжінің мәжіліс-залында (Л.Чайкина к-сі 12А) өтеді. 

Сонымен қатар дәрігерлер «Шеврон» компаниясына үлкен алғысын айтты. «Осы компанияның қолдауының арқасында семинарлар тегін өткізіледі және Алматы қаласының барлық медбикелері мен акушерлеріне қол жетімді болып табылады» деді медицина мамандары.

 

Думан Танабасов


Рекомендовать
Последние новости