"Мәсімов Ақорданың жертөлесінде жатты...". ҰҚК-ның экс-төрағасын қорғаштаған америкалық лоббист кім?

Dalanews 20 февр. 2023 04:43 1196

Dalainside Мәсімов ісіндегі қалтарыста қалған нюанстерге үңіліп оқырмандарына қызықты материал ұсынған болатын. Айталық, алғашқы тарауда "мұрттының" АҚШ-та тіркелген баспа үйін басқарған, әрі осы жерден шыққан Мәсімовтың кітаптарын таратумен айналысқан Ксения Крупенко туралы жазған болатын.

Оның Кәрімнің адамы екенінде күмән жоқ, әйткенмен Мәсімовтің ісіне ықпал етуге Крупенконың саяси салмағы жетпейді. Бұл миссия – оған қарағанда әлдеқайда көлемді калибрлерге, соның ішінде Ақ үйдің маңындағы саясаткерлерге  жүктелген.

Соның бірі – АҚШ Мемдепартаменті мен Қауіпсіздік кеңесінің экс-қызметкері  Дэвид Меркель. Кейбір дереккөздің мағлұматы бойынша Меркель Nazarbayev University директорлар кеңесіне де кіріп алған.

Трансұлттық компаниялардың лоббиімен айналысатын Меркельді өткен жылдың сәуірінде Шеврон компаниясы Қазақстан бойынша кеңесші етіп жалдапты.

Intelligence Online таратқан мәліметке сәйкес – Шеврон Мәсімовтің басынан бақ таяды деп күтпеген, елдегі ең ірі инвестор мен Ақорданың арасындағы келіссөзде Мәсімов делдал есебінде жүрген. Былайша айтқанда, мұнай-газ саласындағы ірілі-ұсақты түйткілдер "мұрттының" көмегімен реттелген.


Соған қарағанда Меркель Назарбаев әулетіне де бөтен емес.

Dalainside-қа белгілі болғандай karimmassimov.com сайтының "админі" де осы кісі. Сайттың қазақ-орыс нұсқасы жоқ, тек ағылшын тілінде тарайды. Тіркелген жері – US Аризона штаты, Феникстің іргесіндегі Скоттсдейл дейтін шағын шаһар. Дәл осы жерде Меркельге тиесілі Summit International Advisors компаниясы орын тепкен.

Меркельдің өткен-кеткеніне үңіліп жатпайық. Ақ үйдегі ықпалдылармен әмпей-жәмпей екенін ілгеріде айттық. Бізге оның қазіргі риторикасы қызық.

Ол Мәсімов қамауға алынғалы Жаңа Қазақстанды жатпай-тұрмау жамандаумен келеді.

Оның айтуынша, Мәсімовтың тұсында Ақорда АҚШ пен Батыстың, Қытай пен Ресейдің бабын тауып, сыртқа саясатты сауатты жүргізген. Қазақстандағы президент сайлауы сүреңсіз өткен, саяси реформа жүргізуге серт берген Тоқаев косметикалық өзгеріспен шектелген. "Мұрттыны" қуғын-сүргінге ұшырату арқылы өз репутациясын ойсыратқан.

"Ақорданың қолында оның Қаңтар оқиғасына қатысы барын растайтын айғақ жоқ. Мәсімов Қауіпсіздік кеңесінің отырысы аяқтала салысымен іле-шала қамауға алынды. Аш-жалаңаш күйінде, ресми айып тағылғанша Ақорданың жертөлесінде жатты. Ас-судан айырды, табанынан сыз өтті, тиісті ем-дом көрсетілмеді...", –  деп дабыл қағады Меркель.

DALA INSIDE оның сөзін сөйлеуден аулақ. Қазақтілді аудитория Мәсімовке әлдеқашан әділ бағасын берген. Ал Жаңа Қазақстан үшін Мәсімовтың қорғаушысы бас ауруға айналатын түрі бар.

Меркельдің мәлім еткеніндей АҚШ Мемдепартаментідегі ықпалды тұлғалар ҰҚК-ның экс-төрағасына бостандыққа берілуін талап еткен. Бұлардың босағасын тоздырған Меркель "мұрттының" үгіт-насихатын жүргізгенге ұқсайды.


Меркельден тағы бар маңызды инсайд: Мәсімов Батыс пен АҚШ-қа сыйлы.

Dalainside қа жеткен мәлімет бойынша алдағы уақытта Мәсімовті дәріптейтін ағылшынтілді медиа агенттіктер көбейеді. Америкалық лоббист Мәсімовті Қаңтар құрбаны ретінде көрсетуді көздейді.

Анығы, алыс құрлықта Мәсімовтің мәселесіне бей-жай қарамайтын ықпалды күш бар. "Мұрттыны" қорғаштаған Меркель кімдердің алдына барды?

 

Бұл туралы зерттеудің 3-ші тарауында кеңінен сөз етеміз. Арнаға тіркеліп алыңыз?

Dalainside


https://dalanews.kz/del-qazir/86610-masimovting-kitaptaryn-aqsh-tyng-dokeyl

https://dalanews.kz/aimak/86588-qonaevtagy-temir-zhol-qalanyng-syrtyna

 

 

https://dalanews.kz/news/86537-amanat-partiiasy-khalyqpen-birge-saylau

https://dalanews.kz/del-qazir/86560-kremldegi-alauyzdyq-putinning-aynal

https://dalanews.kz/aimak/86568-alakoldegi-balyq-zauyty-balalar-taga

Рекомендовать
Последние новости