«Маңдаймызға орыс жерін қайтару бұйырды». Путин өзін І Петрге теңеді

Dalanews 10 июн. 2022 02:56 1083

Ресей президенті Владимир Путин жас кәсіпкерлермен кездесуінде 1700-1721 жылдардағы Солтүстік соғыс кезінде орыс императоры І Петр Швеция аумағын тартып алмағанын аталмыш соғыста орыс жерін "қайтарды" әрі "бекітті" деп атады. "Біздің маңдаймызға да орыс жерін қайтарып, бекіту бұйырды" деді Путин.

Путиннің сөзінше, І Петр басып алған жерлерде о бастан славян халқы тұрған. Бұл жерлер әрқашан орыс мемлекетінің бақылауында болған. Президент сонымен бірге Санкт-Петербург қаласы жайлы да айтып, бұл жерді Еуропа елдері Ресей аумағы деп танымағанын айтты.

Украинаның Херсон және Запорожский облыстарына басшылыққа Ресей өз адамдарын тағайындағаннан кейін, бұл аймақтарда Ресей құрамына кіру жөнінде референдум болатыны айтылды.


Қазір Ресей Херсон мен Запорожск облысының басым бөлігін бақылауына алған. Ал Запорожье қаласы Украинаның бақылауында.

Бұл күндері Ресей І Петрдің туғанына 350 жылдығын атап өтіп жатыр. Тарихшылар оны орыс мемлекетін нығайтқан ең қатал патша ретінде бағалайды. Ол 1721 жылы Швецияға тиесілі Балтық жағалауын Ресейге қосып алған. Бұл қазіргі Эстония және Латвия аумағының жерлері.

Рекомендовать
Последние новости