Логистика... немесе ақшаның «көкесі» қайда?

Dalanews 02 окт. 2014 03:43 1064

[caption id="attachment_8069" align="alignnone" width="300"]Николай Каширин Николай Каширин[/caption]

Логистика саласының маңызы мен мәні зор. Еуропа, Қытай және Ресейдің арасындағы транспорттық дәліз Қазақстанды кесіп өтеді. «Сондықтан, бұл саланың болашағына бүгіннен-ақ мән беру керек» дейді мамандар. Ал еліміздің ұзақмерзімді стратегиялық дамуында,  жүк тасымалын ондаған миллион тоннаға көбейту тайға басқан таңбадай көрсетілген. Бұл үшін алдымен ішкі нарықтың нормаларын ретке келтірген жөн. «Қала мен Далаға» сұхбат берген Қазақстандағы ең ірі AILPgroup логистикалық компаниясының басшысы Николай Каширин осындай пікірде.


–Николай мырза, Қазақстандағы логистика саласына кәсіпкерлердің қызығушылығы қандай? Бұл сала қаншалықты игеріліп отыр?


Дағдарыс бизнеске едәуір соққы болды. Әсіресе, банктен несие алған кәсіпкерлер қысылып қалды. Біз сол уақытта, еліміздегі логистикалық жобаларды сауықтыратын компания ретінде ашылдық. Және жұмысымыз жеміссіз болған жоқ. Құрылғалы бергі төрт жылда компания құны 30 млрд. теңгені құратын логистикалық жобаларға «жан бітірді». Әрине, мұнда мемлекеттің көмегі болды. Бастысы байланыс үзілген жоқ. Қазір біздің компания Global Ecological Group Almaty (GEGA) логистика орталығын сауықтырумен айналысып жатыр (орталықтың 49 пайыз үлесі Алматы қалалық әкімдігінің үлесінде). Бұл Үдемелі индустриялық инновация бағдарламасына қарайтын халықаралық кешен. Орталық тұтасоңтүстік астананы азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Халықаралық деуімнің себебі, дәл мұндай кешен Орта Азияда жоқ. Кешенді былтырғы жылы Индустриализация күніне орай өткізілген телекөпірде Елбасының өзі  іске қосқан болатын.


– Бірақ, соңғы кездері GEGA-ның басы дауға қалып жүр. Білуімізше, сіздер «Қазақстанның инвестициялық қорымен» соттасып жатырсыздар. Осы мәселенің ақ-қарасын ажыратып айтып берсеңіз?


Мәселе мынада...Кезінде GEGA-ның жанындағы нысандар «Қазақстан қағазы» компаниясына тиесілі болатын. Кейіннен бұл компанияның алаяқтықпен айналысқаны белгілі болып, биыл логистика бизнесінен біржолата кетті. «Қазақстан Даму банкінен» алған қомақты қаражатты (несиені) қайтара алмаған «Қазақстан қағазы» біздің іргемізде орналасқан «А» санатындағы транспорттық логистикалық кешенді даму институтына беруге мәжбүр болды. Кейін кешен «Қазақстанинвестициялық қорының» қарамағына өтті. Ал қорға өз кезегінде кешенді сауықтыру міндеті жүктелген тұғын. Біз, бұл процесс заңды, яғни ашық түрде жүреріне сеніп, Қормен әріптесіп жұмыс істедік. Алайда, былтырғы жылдың аяғында астыртын жедел конкурс өткізіліп,  қор конкурс жеңімпазын таңдап үлгерді. Соның нәтижесінде  біз, яғни логистика саласында ұзақ жылғы тәжірибесі бар адамдар мүлде білмейтін «ALG Company» ЖШС «Қазақстан Қағазынан» қалған кешеннің иесі атанып шыға келді. Кейіннен,бұл байқаудың көптеген заңбұзушылықпен өткенін анықтадық. Сайып келгенде, аты ашық тендер деп аталған байқау заңсыз өткізілді. Бұл жайында біраз айтылды да...


Қазір әлгі «ALG Companу» ЖШС-ның басшылығы ауысып жатыр. Бұрынғы ақтөбелік менеджерлердің орнына басқа топ келіп жатыр екен. Яғни, активтерге иелік ету біртіндеп солардың қолына өтуде...Жаңа басшылық жұмысшы саны қысқарып, өнімділігі азайған кешеннің тамырына қан жүгірте ала ма? Неғайбыл. Кешеннің көз алдында құлдырап бара жатқанын көріп отырған жұмысшылардың көпшілігі сотқа шағымданып жүр.


– Сөзіңіз аузыңызда. Бірақ, қордың бұл тараптағы қыруар ақпаратын оқысақ та, сіз айтқан дүниені көзіміз шалған жоқ. Қор басшылығы«мемлекетке тиесілі 5,9 млрд. теңге қаржыны қазынаға қайтардық» деп жатыр ғой? 


Олар бұл мәселені жылы жаба салғысы келеді. Кешенді құртып тынғандарын жоғарыдан жасырып отыр. Сізге бір дерек айтайын.  Біз: «Егер, кешенге иелік етер болсақ, мемлекетке тоқсан сайын 270 млн. теңге төлеуге әзірміз» деген болатынбыз. Бұл  ALG Company төлейтін қаржыдан екі есе көп. Бұдан сырт, кешенді басқару құқығына ие болған жағдайда айналымнан түскен табыстың 1,5 пайызын ғана ұстап қалуға уәде бердік. Ал бұл көрсеткіш ALG Company-да бақандай 15пайызды құрайды!




[caption id="attachment_8072" align="alignnone" width="300"]Қазір кешенді сатып алғысы келетін қалталы қожайын табылыпты... Қазір кешенді сатып алғысы келетін қалталы қожайын табылыпты...[/caption]

Менің білуімше, қазір кешенді сатып алғысы келетін қалталы қожайын табылыпты. Бірақ, мәселе мұнда емес. Әлгі қожайын нарықтағы құны 10 млрд. теңге тұратын кешенді (логистиска мамандарының дерегінше),  3,7 миллиардқа сатып алмақ екен. Өз басым Қазақстан инвестициялық қоры және Қазақстанның Даму банкі мұндай масқараға бармайды деп ойлаймын. Бірақ, тапсырыс беруші тағатсызданып отырған көрінеді. Бұл сорақы жағдайды жоғары жақтағылар білмеуі мүмкін емес. Ал білмеген болса, кәсіпкерлер қауымы осы мәселенің ақ-қарасын ашып көрсететін дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынып отыр. Жиынға билік өкілдері, халық қалаулылары, Үкіметтік емес ұйымдар мен журналистерді шақырмақпыз. Бұл жиынға Қазақстан инвестициялық қоры және Қазақстанның Даму банкінің өкілдері келеді ме екен,м сол кезде көреміз...


Қордыңбасқа да былықтары жетіп артылады. Атап айтсам, қор GEGA-ны теміржол торабынан айырып тынды. Біз жылдар бойы бұл мәселені Жер кодексіне сай реттеуге тырыстық, көршілерімізге тиімді ұсыныстар жасадық. Алайдажаңа басшылық қорға қарасты кешенді кесіп өтетін біздің теміржол желімізді «жіліктеп» тастады.  Тіпті сотта да әділдік таппадық. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты екі жаққа тиімді шешім шығарудың орнына, бізді жығып берді.


– Айтпақшы, қордың сайтын шолып өттік. Жоғары сот «Қазақстан инвестициялық қоры мен GEGA-ның арасындағы айтысқа нүкте қойды», – деп хабарлапты.Сіздер жеңіліпсіздер...


Мен бұл сұраққа былай жауап берейін. Өз әрекеті арқылы Қор бізге ғана емес мемлекетке, халыққа зиян тигізіп отыр. Себебі, біздің орталықта кедендік бекет және уақытша сақтау қоймалары орналасқан. Ал теміржол торабынының жоқтығынанGEGA үлескері (Алматы қалалық әкімдігі),Елбасы жобаны іске қосқалы бері жарты жылда жоспарланған 50 млрд. теңге табысты түсіре алмады. Мен бұл арада республикалық бюджеттің қанша қаржыдан қағылғанын айтпай-ақ қояйын.


Ал, қор мен арадағы айтысқа нүкте қойған жоқпыз. Біз аяғына дейін күресуге әзірміз. Бұл, біріншіден мемлекет мүддесі. Тіпті Жоғары соттан жеңіліс тапқан күннің өзінде де, одан жоғары деңгейге,оның ішінде ТМД-ның мемлекетаралық сотына, Еуразиялық сотқа шағымданатын боламыз.


Әңгімелескен, Думан Бықай



Рекомендовать
Последние новости