Енді лазер мен дронды қолданғандарға қатаң жаза қарастырылады

Көркем Алдабергенова 21 авг. 2025 13:35

Қазақстанда ұшақтардың жұмысына әдейі кедергі келтіргендер қылмыстық жауапқа тартылып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, лазер немесе дрон пайдалану ұшқыштың көру қабілетін уақытша бұзып, апатқа әкелуі ықтимал. Сондықтан мұндай әрекет ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіреді.

Авиациялық қызметтердің дерегіне сүйенсек, соңғы 6 жылда осындай 98 жағдай тіркелген. Ең көп оқиға Алматы халықаралық әуежайында болды. Егер 2017 жылы бар болғаны 8 хабарлама жасалса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 30-ға жеткен.

Бұған дейін мұндай әрекеттер үшін арнайы жауапкершілік қарастырылмағандықтан, кінәлілерді жазалау қиын еді. Алайда 16 шілдеде қабылданған заңға сәйкес, Қылмыстық кодекске жаңа 352-1-бап енгізілді.

Енді әуе кемесін басқаруға кедергі келтіру айыппұлдан бастап қамауға алуға дейінгі жазаға әкеп соғады. Ал ауыр зардаптарға әкелген жағдайда кінәлі 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Рекомендовать
Последние новости