Көкшетаулық шенеунік пен 9 жүргізуші мұнай өнімдерімен айналысқан заңсыз схема ұйымдастырған

Көркем Алдабергенова 22 авг. 2025 16:47

Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот алдында бұрынғы инспекция бөлімінің басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші болды. Тергеу барысында лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын өрескел бұза отырып мұнай өнімдерін тасымалдауға жалпы қамқорлық көрсеткені үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталды.

Сот барлық фигуранттарды пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырып, сот Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды.

Сот процесі инспекция қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өтті. 

Үкім заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости