Жемқорлықпен тапқан ақшасын мемлекетке қайтарған шенді жазаланбайды

Dalanews 22 окт. 2020 05:15 880

Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров коррупция есебінен заңсыз байыған бұрынғы шенеуніктерге «экономикалық амнистия» жариялады.

Ол бұл мәлімдемесін кеден қызметі төрағасының орынбасары болған Райымбек Матраимовтың коррупция күдігімен ұсталғаннан бір күннен кейін жариялады. Матраимов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Жапаровтың жариялаған рақымшылығына энергетика, кеден, салық, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және лицензия беру саласында жұмыс істеп, заңсыз жолмен ақша тапқан бұрынғы шенеуніктер ілінеді.

Ол үшін бұрынғы шенеуніктер 30 күн ішінде коррупциялық схемасын ашық көрсетіп, ақшаны мемлекетке қайтаруы тиіс. Ол амнистия арқылы түскен ақшамен бюджетті толтырып, мемлекеттік қарыздарды қайтаратынын айтты.

Рекомендовать
Последние новости