Жазушылар жаңа Конституцияны рухани тірек ретінде бағалады

Самал Асқар 06 февр. 2026 19:10

Астанада Қазақстан Жазушылар одағының алаңында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиынға Одақ Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов төрағалық етті.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздері, оның қоғамдық әрі рухани мәні кеңінен сөз болды. Талқылауға қоғам қайраткерлері Жанарбек Әшімжан, Айдос Сарым және Анар Фазылжан қатысып, құжат мазмұнына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

Басқосудың негізгі мақсаты – ел тағдырын айқындайтын маңызды құқықтық құжатқа шығармашылық қауымның көзқарасын жүйелеу, сондай-ақ жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық талқылауға кеңінен тарту. Осы тұрғыда қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қоғамдағы өзгерістерге сергек қарап, құқықтық реформаларға белсенді қатысудың маңызын атап өтті.

Талқылау барысында конституциялық реформаның басым бағыттары, жаңа жобада қоғам, мәдениет пен шығармашылық саласына қатысты қарастырылған нормалар, азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігі жан-жақты сараланды. Қатысушылар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сөз және шығармашылық еркіндігін институционалдық деңгейде күшейту елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін шешуші фактор екенін айтты.

Сонымен қатар, жаңа Конституцияға мемлекет тарапынан келтірілген зиянды өтеу туралы норманы енгізу ұсынылды. Шығармашылық қауым өкілдері Конституцияны тек құқықтық нормалар жиынтығы ретінде емес, қоғамдық сананы жаңғыртатын, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттарын орнықтыратын рухани тірек ретінде қабылдау қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірген. Қатысушылардың пікірінше, мұндай диалог алаңдары құжаттың өміршеңдігін арттырып, қоғам тарапынан қабылдануын күшейтеді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove