Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексі күшіне енгеннен бері алғашқы оң нәтижелер байқала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа салық режимі енгізілгеннен кейін 180 мыңнан астам адам заң аясында жұмыс істей бастаған. Үкіметтің бағалауынша, осының есебінен биыл мемлекеттік бюджетке қосымша 4,4 триллион теңге түседі деп жоспарланып отыр.
Мемлекет басшысы бұл көрсеткіштерге шамадан тыс салық салу немесе бизнесті негізсіз қыспаққа алу арқылы қол жеткізуге болмайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол салық жүйесін толық цифрландыруды жеделдету қажет екенін жеткізді.
