«Жалғызымды жемқорлыққа қимаймын!». Торғайлық ақын Жаманқұловқа қолдау білдірді.

Dalanews 29 мая 2017 03:03 875

Желіде торғайлық ақын деген атпен танымал Саят Əбенов Тұңғышбай Жаманқұлов орындайтын «Өнер адамы» әнінің сарынымен жыр жазып, танымал актерді қолдайтынын білдірді. Ақын өзі жазған өлең жолдарын "Атамның басы-ай" тобына жүктеді. Ол жазбасында «Тұңғышбай ағамның осы əнің қатты жақсы көруші едім. Сол əннің мәтінің өзгертіп ол кісіге деген өз ойымды жеткізгім келді! «Әр қазақ – менің жалғызым». Жалғызымды жемқорлыққа қимаймын!», – дейді торғайлық ақын.

 

Сіздер, сіздер...

Сіздер, Сіздер патшадан да паңсыздар,

Сіздер, сіздер таудай тұлға, нарсыздар.

Барды бар деп, жоқты жоқ деп жасырмай,

Ел алдында айтып жүрген жансыздар.

 

Біреулердің оғы жоқ боп атарға,

Құлатты ма өнер дейтін сапарда.

Қу түрмеге жапса жабар, ол түрме,

Қартайғанда сізге жапқан шапан ба?

 

Қайырмасы:

Алдыңызда жалт-жұлт етіп сот-шырақ,

Бүгін-ертең соттайтындай боп тұрад.

Біреу мақтап, біреу даттап жатса да,

Ешкім сізді шын түсінген жоқ, бірақ.

 

Жаныңызға бермей ешбір тыныштық,

Сізді неге қамау үшін тырыстық?

Бар екенін кінəңіздің білмейміз,

Алтынды да жібереміз мырыш қып.

 

Алла куə, ақ-қарасын біліп пе ел,

Көзбен көрмей сейілмейді күдіктер.

Билік жаққа айтатыным – үміт бер,

Сотталмасын босқа біздің жігіттер!

 

Торғайлық ақын – Саят Əбенов

Рекомендовать
Последние новости