Freedom Finance компаниясы Europe Euroclear тікелей мүшелігіне өтті

Dalanews 08 окт. 2021 10:15 865

Қазан айында Euroclear Bank қабылдау комиссиясы Freedom Holding Corp. компаниясының өз қызметін Еуропада жүргізетін Freedom Finance Europe Ltd. еншілес компаниясының тікелей мүшелік өтінімін мақұлдады.

Енді компания клиенттері жетекші халықаралық орталық бағалы қағаздар депозитарийінде жоғары сапалы биржалық инфрақұрылымды пайдалана алады.

Тимур Турлов, СЕО Freedom Holding Corp.:

«Euroclear-ға тікелей мүшелікке өту бүкіл холдинг үшін кеңею және кемелдену жолында тағы бір маңызды жетістік әрі жаңа қадам болды. Бұл шара қатарынан тоғыз айға созылды, алайда енді біз Кипрде Euroclear-ға тікелей мүшелікке өткен, банк емес сектордың ішіндегі бірден бір компаниямыз. Компания клиенттері үшін бұл сенімділік пен сенімнің тағы бір кепілі».

Еске сала кетейік, тамыз айында S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі Freedom Finance Europe Ltd. компаниясына ұзақ мерзімді міндеттемелер эмитентінің «В» деңгейлі рейтингісін берді.


Компания бойынша болжам «Тұрақты». Осымен қатар, компанияға қысқа мерзімді міндеттемелер эмитентінің «В» деңгейлі рейтингісі де берілді.

Соңғы жылы Freedom Finance Europe Ltd. компаниясының Еуропадағы орны нығайып, кеңейіп келеді. Соңғы деректер бойынша, компания 70 мыңнан астам клиент шотына қызмет көрсетеді, олардың басым бөлігі Еуроодақ елдерінің азаматтарына тиесілі.

Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін, компанияның барлық сервисі мен платформасы 25 еуропа тілінде орналастырылған. Бұдан бөлек, 2019 жылы Германияда ашылған офиске қоса, ағымдағы жылы Грецияда өкілдікті офисі ашылды. Жоспарымызда – компаниялардың ЕО-ның басқа да елдерінде нақты ашылуын қамтамасыз ету.

Freedom Finance баспасөз қызметі 


Рекомендовать
Последние новости