ЕуроОдақтың жетекші үш елінің басшылары Украинаға келді

Dalanews 16 июн. 2022 06:58 1220

Бүгін Украинаға Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Олаф Шольц және Италия премьер-министрі Марио Драги келді. ЕуроОдақтың көшбасшы елдерінің басшылары Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен маңызды мәселедерді талқыламақшы, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үш ел басшыларының Украианаға қай уақытта, қалай келетіні қауіпсіздік мақстанда жария етілмеген.

Бүгінде ЕуроОдақ елдері Ресейдің Укрианаға басып кіруін айыптап, оларға қаржылай қолдау көрсетуде. Бұдан басқа Украинаның ЕуроОдаққа мүше болу мәселесі де осы сапар аясында кеңінен талқыланатыны анық.

Бұдан басқа Германияның қару-жарақ жеткізу мәселесі де сөз болуы мүмкін. Осыған дейін Германияның канцлері Олаф Шольц Укрианаға қару-жарақ беруге уәде берегені белгілі. Бірақ оның бәрі сөз күйінде қалғаны жасырын емес.

Кейбір сарапшылар ЕуроОдақтың жетекші үш елінің бір мезетте Укрианаға келуі Ресей президенті Владимир Путинге бағытталған белгі екенін де айтуда. Олар осылайша Кремльге Укрианадағы соғыс ЕуроОдақтың бірлігіне сызат түсірмейтінін көрсеткісі келгендей...


Бірақ 13 мамыр айында Франция президенті Эммануэль Макрон Путиннің беделін сақтау үшін орыстар басып алған жерлерінен бас тартып, ресми Киев келіссөз үстеліне отыруы керек екенін айтқан-ды.

Сол кезде Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба «Украина Путиннің абыройын сақтау үшін келіссөзге бармайтынын, Путинге абырой керек болса өзі сақтап алсын!» деп шорт кескен-ді.

Ал Польшаның Украинадағы елшісі Бартош Цихоцкий «Путин халық алдындағы беделін сақтап қалғысы келсе, Макрон Бранденбург пен Пиренейін берсін!» деп Кулебадан асырып айтып тастағаны есімізде.

Рекомендовать
Последние новости