Ең қымбат азық-түлік Алматы мен Астанада ма? Статистика

Көркем Алдабергенова 12 янв. 2026 09:07

Қазақстанда азық-түлік бағасы ең арзан қала деп бір ғана өңірді бөліп көрсету мүмкін емес, деп хабарлайды Dalanews.kz Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

Салыстыру үшін тізімнен ең қымбат тауарлар таңдалды, өйткені дәл осы сегментте баға айырмашылығы айқынырақ көрінеді, деп жазады Informburo. Егер өңірлер бойынша ең жоғары және ең төмен бағаларды салыстырсақ, мынадай статистика шығады:

сүйекті сиыр еті, 1 келісі - Петропавлда 4061 теңге, Ақтөбеде 3025 теңге;
сүйекті қой еті, 1 келісі - Астанада 4227 теңге, Қызылордада 3175 теңге;
сүйекті жылқы еті, 1 келісі - Алматыда 4319 теңге, Қызылордада 2916 теңге;
тауық еті, 1 келісі - Ақтауда 1960 теңге, Қызылордада 1326 теңге;
пісірілген шұжық, 1 келісі - Ақтауда 4503 теңге, Қызылордада 2266 теңге;
шай, 1 келісі - Қарағандыда 6815 теңге, Қызылордада 5086 теңге;
қияр, 1 келісі - Жезқазғанда 1598 теңге, Павлодарда 801 теңге;
қызанақ, 1 келісі - Көкшетауда 1483 теңге, Таразда 620 теңге;
сары май, 1 келісі - Ақтауда 6557 теңге, Көкшетауда 4145 теңге;
қатты ірімшік, 1 келісі - Қызылордада 6671 теңге, Қонаевта 4253 теңге.

Жекелеген тауарлар бойынша ең жоғары бағалар көбіне Ақтауда тіркелсе, ең төмен бағалар Қызылордада жиі кездеседі. Қазақстанның әртүрлі қалаларында бір тауардың бағасы кейде 2000 теңгеден де артық айырмашылық көрсетуі мүмкін (мысалы, сары май мен ірімшік бойынша).


Рекомендовать
Последние новости