Елорда 52 жедел жәрдем машинасымен толықты (видео)

Dalanews 12 дек. 2019 14:51 846

Бүгін Елорданың жедел жәрдем автопаркі 52 машинамен толықты, оның 20-сы қазірдің өзінде линияға шықты (жыл соңына дейін тағы 32 автокөлік қосылмақ).

– Мемлекет басшысы жедел медициналық қызмет көрсету қызметін жаңартуға, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса мән береді.  Бұл бағытта белсенді түрде жұмыс жүргізіп келеміз. Адамдар ең алдымен сіздерге – жедел жәрдем қызметіне хабарласады. Сіздерге көп нәрсе байланысты. Сіздер – адам өмірін сақтап қалып, ең басты міндетті атқарып жүрсіздер, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Көліктердің басым бөлігі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж пациенттерді тасымалдау, мониторинг және  интенсивті терапия көмегін көрсету мүмкіндігі бар реанимациялық көліктер. 


Автокөліктер дефибриляторлармен және жүрек қағысының, сондай-ақ, барлық өмірлік маңызды көрсеткіштерді толық мониторигтеу жүйесімен жабдықталған. Бұдан өзге, әр автокөлікте заманауи өкпе вентиляция, оттек баллоны, жасанды қанайналым аппараттары бар.

– Күніне 3 мың өтініш, 1700 шақыру түседі. Осы көліктерді сатып алғанға дейін линияда 64 машина болған. Енді қосымша алынған жаңа 52 автокөлік бізге шақыру жүктемесін айтарлықтай жеңілдетеді. Автопарк екі есеге ұлғайды деуге болады. Биылғы жылы реанимация және қауіпсіз көлік жүргізудің  халықаралық стандарты бойынша станцияның 700 қызметкері оқудан өтті, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясы» МКҚ директоры  Мұрат Оразбаев.

Hyundai H350 Ambulance маркалы 52 жаңа көлік «Hyundai Trans Auto» («Астана Моторс» компаниясы) көлік жинау мекемесінде құрастырылған.

 

https://www.youtube.com/watch?time_continue=3&v=pPhnfJV7Dpw&feature=emb_logo

 

Рекомендовать
Последние новости