Елімізде “жайлы мектептер” салуға бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінеді

Қаракөз Амантай 20 февр. 2024 11:39 2438

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Қазақстанда неше мектеп салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министр 2024-2025 жылдары 740 мың орындық 369 мектеп ашу жоспарланғанын атап өтті. Ал осы жылы 217 мектеп (оның 163-і ауылдық жерде) жұмысын бастайды.

"Ұлттық жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 2,3 триллион теңге бөлінді: 2023 жылға – 500 миллиард теңге, 2024 жылға – 976,3 миллиард теңге, 2025 жылға – 909,4 миллиард теңге", – деді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан үш ауысыммен оқытатын және апатты мектептер мен оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.


Рекомендовать
Последние новости