ЭЫДҰ-ны Қазақстан ғылымның даумы қызықтырады

Dalanews 28 авг. 2015 09:58 981

Бүгін «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарта орталығы» АҚ-ы президенті Әділ Ыбыраев бастаған орталық қызметкерлері Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымның (ЭЫДҰ) өкілдерімен кездесіп, еліміздегі ғылымды коммерцияландыру мәселелерін талқылады. Осы ретте екі жақты кездесу ЭЫДҰ-ның ұсынысы бойынша өткенін айта кетуіміз керек.

Жиын барысында «ҰҒТАО» АҚ өкілдері орталықтың атқаратын жұмыстары жайында мәртебелі меймандарға қысқаша баяндап берді. ЭЫДҰ-ның Париж қаласындағы аға экономисті доктор Кэролайн Паунов Қазақстандағы патенттер қорының жүйеленуі, ғылымның коммерциялануы және ғылым мен бизнес арасындағы байланыстар қатты қызықтыратынын алға тартты.

– Біздер Қазақстанда Орталық Азияда қарқынды даму жолына түскен стартегиялық маңызы зор мемлекет деп есептейміз. Осы ретте ЭЫДҰ Қазақстан экономикалық әлеуетін арттыруда ғылымға қаншалықты арқа сүйеп отырғанын білгіміз келеді. Біздерге ғылымды қаржыландыру, ғылыми жобаларды өндіріске дейін жеткізу және патенттік қор қалыптастыруда қандай жұмыстар атқарылып жатқанын баяндап берсеңіздер. Сіздердің мәліметтеріңізді пайдаланып арнайы сараптамылық материал әзірлейтін боламыз, – деп мәртебелі мейман Қазақстанға ат басын бұрғандағы мақсатын баяндап берді. Өз кезегінде «ҰҒТАО» АҚ президенті Әділ Ыбыраев мырза әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін алға тартты.

АО НЦНТИ01

– Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталғы ЭЫДҰ сынды беделді халықаралық ұйыммен ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Соңғы жылдары Қазақстан ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп, қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан ғылымы түрлі ведмоствалар арқылы қаржыландырылады. Әзірлеш осы қаржы тиімді бағытта жұмсалуын көздейтін бақылайтын орган болмай тұр. Алдағы уақытта біздер осы бағытта жұмысты жандандыруымыз керек. Сол сияқты ғылымды коммерцияландыру ісімен де көптеген мекемелер айналысады. Бұл бағыттағы жұмыстарды да жүйелеудің маңызы зор деп есептеймін, – деп «ҰҒТАО» АҚ басшысы көкейде жүрген ойын ортаға салды. Осылайша екі тарап ғылымды дамытуға қатысты маңызды мәселелерді талқылап, ойларын ортаға салды.

Нұрлан ЖҰМАХАН, «ҰҒТАО» АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі.

Рекомендовать
Последние новости